19.06.2026
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 29 маусым сағат 11:00-де Филология факультетінің Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысында 8D02304 – «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Сейітова Бағдагүл Балтабекқызының «XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулар поэтикасының лингвопрагматикалық аспектісі» тақырыбында дайындалған диссертациясы талқыланады.
Кафедра отырысы офлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Есенова Қалбике Өмірбайқызы – ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Гюрер Гюльсевин – п.ғ.д., профессор, Eге университеті, (Измир, Түркия)
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Қобланова А. Ж. – ф.ғ.к., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);
Тымболова А.О. – ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан).
Нұрдәулетова Б.И. – ф.ғ.д., профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау, Қазақстан)
Адрес: Алматы қ., Жамбыл 25, 18 уд.