19.06.2026
ШЕТ ТІЛДЕРІН МЕҢГЕРІП, ӘЛЕМГЕ ЖОЛ АШЫҢЫЗ!
Халықаралық деңгейдегі маман атану – жаһандық өзгерістерге бейімделудің және табысты мансап құрудың негізгі шарты. Дәл осы кәсіби құзыреттілік пен терең лингвистикалық білімді Абай университетінің Әлем тілдері факультетінде қалыптастыруға болады. Факультет шет тілін оқытумен қатар студенттердің мәдениетаралық көпір орната алатын, бәсекеге қабілетті және заманауи озық технологияларды жетік меңгерген білікті сарапшылар етіп даярлайды.
Факультеттің басты артықшылығы –
халықаралық стандарттар мен инновациялық оқыту технологияларының ұтымды
үйлесімі. Құрылымдағы Шетел тілдері, Шығыс филологиясы және аударма,
Практикалық ағылшын тілі, сондай-ақ Қытай тілі және қытайтану кафедрасы
студенттерге өз қабілетіне қарай мамандық таңдауға кең мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы жастар әлемнің жетекші
университеттерінде тәжірибе жинақтай алады.
Мұнда бакалавриат, магистратура
және докторантура деңгейлері бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайды.
Бакалавриат аясында ағылшын, қытай және ұйғыр тілдері бойынша педагог, аудармашы
және батыс филологиясы мамандықтары бойынша білім алуға болады. Оқуға
түсу үшін бекітілген шекті балл: шет тілі мұғалімдерін даярлау
бағдарламаларына – 95 балл, ал аударма ісіне – 75 балл. Бұл
талапкерлерге мемлекеттік грант немесе ақылы негізде оқуға құжат тапсыруға
мүмкіндік береді.
Аталған бағдарлама түлектері өз ісінің нағыз
шеберлері ретінде мектептерде, халықаралық компанияларда, дипломатиялық және
аударма салаларында жоғары кәсіби деңгейде қызмет атқара алады.
Білім беру әдістемесін заманауи
зерттеулермен ұштастыру – факультеттің ғылыми әлеуетін арттырудың негізгі
қозғаушы күші. Мұнда студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына басымдық беріліп,
аналитикалық қабілеттері шыңдалады. Халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігі
студенттерге әлемдік ғылыми ортамен байланыс орнатуға және кәсіби
құзыреттілікті арттыруға жол ашады.
Заманауи
педагогикалық технологияларды меңгерген, жан-жақты дамыған маман болғысы
келетін әрбір талапкерді Әлем тілдері факультеті асыға күтеді.
«Abai University» медиа орталығы