18.06.2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
2026 жылдың 29 маусымында сағат 11:30-де Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысында «8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Асанханова Жанна Жеткербайқызының «Цифрлық ортада мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың қауіпсіздігін педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында дайындалған диссертациясы талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген отырысы офлайн және
онлайн форматта өтеді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Булшекбаева Асем
Исаевна - PhD, қауымдастырылған
профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.,
Қазақстан).
Айхан Урал - PhD, профессор, Гази университеті (Анкара қ.,
Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Алимбекова
Анар Аймолдановна – PhD, қауымдастырылған
профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).
Исмаилова Гульнара Муратовна – PhD, қауымдастырылған
профессоры м.а., Alikhan Bokeikhan University (Семей қ., Қазақстан)
Жакупова Алтынай
Жұмабекқызы – PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиқалық университеті
(Алматы, Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/97795702537?pwd=qJHWsaQfczk41p5gQ5j9QY7kvteBZG.1
ID: 977 9570 2537
Кіру коды: 1234
Мекен-жайы: Алматы қ., Төле би к-сі, 31, 29
ауд.