13.06.2025
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді
2025 жылғы 25 маусымында сағат 15.00-да Филология факультеті Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысында 6D021300 - «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Телгожаева Куралай Сагымбековнаның «Эмоционалды-экспрессивті сөздердің ұлттық мәдени сипаты» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Қосымова Гулбану Сейілбекқызы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Ержан Алкая - доктор, профессор, Фырат университеті (Элязык қ., Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Алдашева Камар Сагингалиевна - PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Рамазанов Талғат Бекболатұлы - PhD, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
Қасен Ерлан Сламбекұлы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/91593540355?pwd=AMmWC9RsIHsFJbgDJAkvi1ObLCRclH.1
ID: 915 9354 0355
Код: 1234
Мекенжайы: 050010, Алматы, Достық, 13, Бас оқу ғимараты (4 қабат, 412 кабинет).