ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕ ДӘРІС ОҚИМЫН ДЕСЕҢІЗ, БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАҢЫЗ

Абай университеті оқытушы-профессорлар құрамы арасында шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында дәріс оқу мүмкіндігін қарастыратын халықаралық қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу үшін ішкі конкурс жариялайды.


Байқау халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби және ғылыми-педагогикалық құзыреттерін кеңейтуге бағытталған.


Дайындық бағыттары:

– Педагогика;

– Психология;

– Информатика;

– Ақпараттық жүйелер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

–   Абай университетінде негізгі жұмыс орны бойынша қызмет атқаруы;

– Ағылшын тілін В2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі (растайтын сертификаттың болуы міндетті);

– Оқу сабақтарын ағылшын тілінде жүргізуге дайын болуы.


Бағдарламаға қатысу оқытушыларға халықаралық оқытушылық тәжірибе жинақтауға, академиялық байланыстарды кеңейтуге және шетелдік серіктес университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді.


Өтініш қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 2026 жылдың 23 маусымына дейін (қоса алғанда) жалғасады. Мекен-жайы: Алматы қ., Төле би көшесі, 31 (№28 кабинет, 2 қабат), Кадр басқармасы. Қосымша ақпарат үшін Білім беру бағдарламаларын талдау департаментіне хабарласа аласыз.


Бұл бағдарлама Абай университетінің білікті ғалымдарына әлемнің беделді университеттерінде сабақ беруге жағдай туғызады. Сондықтан, шетелдік танымал білім ордаларында дәріс оқимын десеңіз, ішкі байқауға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз.

 

«Abai University» медиа орталығы