ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МҰРАЖАЙ ПРАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МҰРАЖАЙ ПРАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ

2026 жылдың 02–04 маусым аралығында оқу жоспарына сәйкес студенттердің тарихи-мәдени мұраны зерделеу, археологиялық және сәулеттік ескерткіштермен танысу, мәдени-танымдық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Түркістан қаласында мұражай практикасы ұйымдастырылды. Практиканың мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу арқылы тереңдету, Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тарихымен, сәулет өнерінің ерекшеліктерімен және тарихи тұлғалардың мұрасымен таныстыру.

Практика студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, тарихи сананы қалыптастыруға және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға оң әсерін тигізді. Практика бағдарламасында көзделген барлық тарихи-мәдени нысандар қамтылып, студенттер қажетті танымдық және тәжірибелік білім алды. Практика барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды.

2026 жылғы 08 маусымда мұражай практикасының қорытынды есебі тыңдалып, студенттердің практика нәтижелері талқыланды. Есепті қорғау барысында студенттер практика кезінде жинақтаған материалдарын ұсынып, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жүргізілген бақылаулар мен зерттеулердің нәтижелерін баяндады. 

Артқа қайту