Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі Париждегі халықаралық конференцияда баяндама жасады

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі  Париждегі халықаралық конференцияда баяндама жасады

2026 жылғы 2 маусымда Париж қаласында «Орталық Азия музейін қайта пайымдау: институттар, кеңістіктер, тәсілдер және нарративтер» («Reconsidering Museum in Central Asia: Institutions, Spaces, Approaches, and Narratives») атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор- зерттеушісі Т.Т. Далаева қатысты.

Т.Т. Далаева Францияның беделді CNRS ғылыми жобасы – «The Museum as a National Narrative in Central Asia (19th–21st Centuries): Unpacking the Circulation of Objects and Ownership Regimes through International Collaboration» («Орталық Азиядағы музей ұлттық нарратив ретінде (XIX–XXI ғғ.): халықаралық ынтымақтастық аясында заттардың айналымы мен меншік режимдерін зерттеу», 2025–2026 жж.) аясында құрылған халықаралық зерттеу тобының мүшесі болып табылады.

Аталған халықаралық зерттеуді тарих ғылымдарының докторы Светлана Горшенина (CNRS / Sorbonne Université) басқарады.

Париждегі ғылыми алаңда Теңлік Тоқтарбекқызы Далаева «Музей медиатор ретінде: Қазақстандағы мәдени-тарихи жадты қалыптастырудағы визуалды нарратив» («Museum as Mediator: Visual Narrative in the Formation of Cultural–Historical Memory in Kazakhstan») атты баяндамасын сәтті таныстырды.

Ғалымның баяндамасы әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Конференция Қазақстан, Франция, Польша, Канада, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ұлыбритания елдерінен келген зерттеушілердің басын қосты.

Артқа қайту