ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

Аздаған уақыттан кейін жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталады. Болашақ мамандығын таңдауға дайындалып жүрген талапкерлер үшін бұл – өмірдегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Егер сізді табиғаттың заңдылықтары, тіршілік әлемінің құпиялары, қоршаған орта мәселелері немесе географиялық зерттеулер қызықтырса, Абай университетінің Жаратылыстану және география факультеті сіз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.


Ғасырға жуық тарихы бар Абай университеті – еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінде факультет құрамында 3500-ден астам бакалавр студент, 300-ге жуық магистрант және 100-ге жуық докторант білім алып, ғылым мен ізденіс жолында. Факультетте білім мен ғылымды ұштастыратын бірнеше іргелі кафедра жұмыс істейді. Мұнда студенттердің кәсіби дамуына, ғылыми әлеуетін арттыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған.


Жаратылыстану және география факультеті талапкерлерге заманауи білім беру бағдарламаларының кең таңдауын ұсынады. Мәселен, болашақ ұстаздарды даярлауға бағытталған химия, биология мұғалімдерін даярлау және география мұғалімдерін даярлау бағдарламалары оқытылады. Ал, ғылыми-зерттеу бағытын таңдаған жастар үшін биология және сабақтас ғылымдар, жер туралы ғылым, сондай-ақ экология және қоршаған орта білім беру бағдарламалары бар. Сонымен қатар туристік индустрия саласында кәсіби маман болуды мақсат еткен жастар үшін туризм білім беру бағдарламасы ұсынылады.


Факультет теориялық білім мен практикалық дайындықтың өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Студенттер заманауи зертханаларда тәжірибе жүргізіп, ғылыми жобаларға қатысып, далалық және өндірістік тәжірибелерден өтеді. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханалар, цифрлық ресурстар мен бай кітапхана қоры сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Ал оқу және өндірістік тәжірибелер, танымдық экскурсиялар мен далалық зерттеулер болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.


Аталған факультетке оқуға түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін білім беру бағдарламалары бойынша шекті балдар да белгіленген. Химия және биология мұғалімдерін даярлау және география мұғалімдерін даярлау, сондай-ақ химия білім беру бағдарламаларына түсу үшін кемінде 90 балл қажет. Биология және сабақтас ғылымдар, жер туралы ғылым бағыттары бойынша шекті балл – 80. Ал экология, туризм және қоршаған орта білім беру бағдарламалары үшін талапкерлердің кемінде 75 балл жинауы жеткілікті.


Алдағы уақытта басталатын құжат қабылдау науқанында өз болашағыңызға сенімді қадам жасаңыз. Егер сіз ғылымға қызығушылық танытып, зерттеу мен ізденісті өмірлік бағытыңызға айналдырыңыз келсе – Абай университеті сізді күтеді. Сапалы білім, тәжірибе және кәсіби даму мүмкіндіктері бір арнада тоғысқан ортада өз арманыңыздағы мамандықты игеріп, жарқын болашаққа жол ашыңыз!


«Abai University» медиа орталығы