31.05.2026
РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯ ПОМОР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚАТЫСТЫ
Абай университеті делегациясының Польша Республикасына ресми сапары бүгін одан әрі жалғасты. Помор университетінің 57 жылдық
мерейтойына қатысып, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп
салтанатты жиында сөз сөйледі. Халықаралық аренадағы сенімді серіктес университет
ұжымын мерекемен құттықтап, академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталды.
Помор университетімен ынтымақтастықтың негізі 2012 жылы қаланған болатын. 2015
жылы ресми серіктестік туралы келісімге қол қойылып, академиялық ұтқырлық
бағдарламалары жүзеге асырыла бастады. Бүгінге дейіңн Абай университетінің
200-ден астам білім алушылар Помор университетінде білімін жетілдіріп,
тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ екі оқу орны арасында қос дипломды білім беру
бағдарламалары іске асырылып, халықаралық ғылыми-мәдени жобалар тұрақты түрде
ұйымдастырылып келеді.
Мерейтойлық жиында сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағассы-Ректоры
Болат Тілеп университет ұжымын мерейтоймен құттықтап, Помор университетінің
Польшадағы беделді білім және ғылым орталықтарының бірі екенін атап өтті.
– Өзінің 57 жылдық тарихында Помор университеті академиялық дәстүрлер мен
заманауи білім беру үрдістерін үйлестіре отырып, халықаралық деңгейде
мойындалған жоғары оқу орнына айналды. Абай университеті үшін Помор
университеті – сенімді серіктес әрі жақын дос. Екі оқу орны арасындағы байланыс
өзара сенім мен ортақ құндылықтарға негізделген, – деді ректор.
Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық аясында Абай университетінің
30-дан астам оқытушысы мен әкімшілік қызметкерлері Помор университетіне барып,
визит-профессор бағдарламаларына, халықаралық конференцияларға және іс-шараларға
қатысқанын жеткізді.
Сонымен қатар Абай университет басшылығы Слупск қаласының вице-президенті
Беата Хржановскамен кездесті. Кездесу барысында тараптар
Қазақстан мен Польша арасындағы білім және ғылым саласындағы халықаралық
ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ректор Болат Анапияұлы
көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, екі ел
арасындағы байланысты нығайтуды жоғары білім саласының
маңызы айрықша екенін жеткізді.
«Abai University»
медиа орталығы