ЖТН АР23488786 ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ: АҚДЕНИЗ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІССАПАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ

ЖТН АР23488786 ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ:  АҚДЕНИЗ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІССАПАР  ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ

ЖТН AP23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасының аясында 2026 жылдың 13 мамырынан 23 мамыры аралығында Акдениз университетінде жоба жетекшісі Лаура Какимова, жоба мүшесі Ақмарал Сманова шетелдік ғылыми сапарда болды. (Анталия қ., Түркия Республикасы).

Іссапар барысында заманауи ғылыми-білім беру тәсілдерін ықпалдастыру, серіктестік байланыстарды кеңейту және мәдениетаралық академиялық диалогты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар ғылыми және әдістемелік материалдармен алмасты, сондай-ақ бірлескен зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын, академиялық ұтқырлық, ПОҚ жарияланымдарының белсенділігі және ЖОО арасындағы музыкалық білім, дизайн мамандықтарының келешектегі өзара оқу, әдістемелік, ғылыми әлеует мәселелері талқыланды.

Акдениз университетінің ғылыми инфрақұрылымымен, бейнелеу өнері факультетінің қызметімен және зерттеу орталықтарымен танысты. Сондай-ақ, олар жобаның ғылыми кеңесшісі PhD доктор, доцент Мариям Езиевамен  бірқатар академиялық кездесулер мен консультацияларға қатысты. Мысалы, Бейнелеу өнері институтының директоры, доцент доктор Бекир Киришжанмен Авиациялық қолданбалар және зерттеу орталығының директоры, доцент доктор Ахмет Ахмет Жошкунмен және т.б. Іссапар барысында музыкалық білім беру және сән дизайны бойынша қос дипломды магистрлік бағдарламаларды жаңартуға, оқу бағдарламаларын үйлестіруге және білім беру мазмұнын серіктес Акдениз университетінің академиялық талаптарына сәйкестендіруге ерекше назар аударылды. Жұмыс талқылауларының мақсаты түрік тарапының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, қос дипломды магистратура бағдарламаларын одан әрі дамыту және жетілдіру, сондай-ақ бағдарламаны іске асырудың академиялық, білім беру, әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілерін үйлестіру болды.

Шетелдік іссапар аясында жоба қатысушылар Буджак қаласында (Түркия Республикасы) өткен үш күндік Халықаралық ғылыми конгреске де қатысты. 2026 жылдың 15-17 мамырында өткен «II International Science, Health and Art Congress (ISEHAC-2026)» атты конгресс барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру, ғылым және халықаралық академиялық өзара әрекеттесудің өзекті мәселелері, академиялық қауымдастықтағы халықаралық интеграция мәселелері талқыланды. Зерттеу тобы осы ғылыми іс-шараны профессор доктор Мехмет Зеки Йылдырымның басшылығымен және ұйымдастыруымен конгрестің пленарлық және секциялық отырыстарына белсенді қатысты. Халықаралық ғылыми платформаға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуға және жоба аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Бұл ғылыми іссапар халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуда, жүзеге асырылып жатқан жоба аясында бірлескен зерттеулер мен академиялық бастамалардың перспективаларын талқылауда, ғылыми байланыстарды одан әрі кеңейтуде және ғылыми жобаның мақсатын халықаралық деңгейде жүзеге асырудың маңызды қадамы болды.

Артқа қайту