25.05.2026
3-КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕСІНІҢ БАҒЫТ БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2026 жылдың 25 мамырында 6В05101-Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларының өндірістік іс-тәжірибесінің бағыт беру конференциясы өтті.
Конференцияға биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, іс-тәжірибе жетекшілері Таке Жайлыбаева, Ақнұр Талдыбай, Гүлжанат Қамиева және білім алушылар қатысты.
Конференцияда Г.С.Камиева білім алушыларға өндірістік практиканың уақытын, құжаттарын рәсімдеуді және практиканың жетекшілерін таныстырды.
Жетекшілер теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру білім алушылардың бойында кәсіби білік, дағдыларының қалыптастырғанын атап өтті.
Білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзіндік ерекшеліктерімен танысып, конференция соңында іс-тәжірибе нысандарына жолдама алды.