«TEXHIBITION» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

«TEXHIBITION» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

       2026 жылғы 04-07 наурыз аралығында Түркия Республикасының Стамбул қаласында Түркия сауда министрлігінің қолдауымен Еуропадағы ең ірі іс-шаралардың бірі «TEXHIBITION» тоқыма өнімдері мен аксессуарларының халықаралық көрмесі өтті. Халықаралық көрме семинарларға, мастер-класстарға және желілік кездесулерге қатыса отырып, үрдістер тенденциялары мен инновациялық нано-әзірлемелерді көрсетуге бағытталған. Көрменің мақсатты аудиториясы киім өндірушілер, импорттаушылар, сән брендтерінің байерлері болғанына қарамастан, сонымен қатар көрмеге ғалымдардың педагогикалық қауымдастығы, Түркия университеттерінің әртүрлі факультеттерінің өкілдері, мысалы, Мармара университеті (Marmara Üniversitesi), Памуккале университеті (Pamukkale University) және басқалары қатысты.

Халықаралық көрмені Түркияның сауда Министрі, Ticaret Bakanı Prof. Dr. Ömer BOLAT ашты. Өз сөзінде ол сауда мен индустрия саласына ғана емес, сонымен қатар мәдени тәжірибе алмасу және білімді жас ұрпаққа ұлттың мәдени кодын беру және қазіргі заманғы өнер және өнер білімі арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау тұрғысынан халықаралық жағдайға қатысты жаһандық мәселелерді көтерді.

ЖТН АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені замануи контентте» жобасы аясында бұл іс-шара бізді заманауи үрдістерді, тұрақты дамуды және артобілім беру жоспарындағы инновациялық әзірлемелер мен бағыттар тәжірибесімен алмасуға қызықтырды. Ғылыми жобаның жетекшісі Лаура Какимова және зерттеу тобының мүшесі Ақмарал Сманова Мармара университетінің (Marmara Üniversitesi) және Памуккале университетінің (Pamukkale University) семинарлары мен желісіне қатысқан студенттердің, жас мамандардың және ЖОО оқытушыларының шығармашылық және креативтік жұмыстары ұсынылған  халықаралық көрменің павильондарын аралап шығып қатысты. Технологиялық факультетінің өкілі, мысалы, Doç.Dr.Mustava Sabri Izen факультеттің жетістіктерімен таныстырды және студенттердің әзірлемелерін ұсынды.

Көрменің ұйымдастырушылары ұйымдастырған фешен индустриясы тақырыбындағы өткізген семинар заманауи трендтерді, экологиялық материалдар мен инновацияларды көрсетті.

Көрме қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттаумен және ынтымақтастық пен академиялық бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылаумен аяқталды.

Артқа қайту