СТУДЕНТТІК ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 15 мамыр, сағат 18:00  дейін (жергілікті уақыт бойынша)

 

Erasmus+ KA171 – University of Chieti-Pescara

2026/2027 оқу жылыКүзгі семестр
Ұтқырлық кезеңі: 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 28 ақпанға дейін


ҚОЛЖЕТІМДІ ШӘКІРТАҚЫЛАР

6-аймақ – Орталық Азия

Erasmus+ бағдарламасы аясында келесі елдердің студенттеріне 5 шәкіртақы ұсынылады: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан , Түрікменстан

Әрбір ұтқырлық бағдарламасының ұзақтығы — 5 ай (1 семестр), яғни 01.10.2026 – 28.02.2027 аралығы.


ШӘКІРТАҚЫ ШАРТТАРЫ

Бағдарлама қатысушыларына төмендегідей қолдау көрсетіледі:

  • Ұтқырлық кезеңі бойы ай сайын 900 еуро көлемінде шәкіртақы
    (жалпы сомасы — 4 500 еуро)
  • Ерекше қолдауды қажет ететін студенттерге ай сайын қосымша 250 еуро үстемақы
    (экономикалық, әлеуметтік, медициналық, географиялық немесе өзге де кедергілерге байланысты, Erasmus+ Inclusion and Diversity нұсқаулығына сәйкес)
    — қаржыландыру болған жағдайда.
  • Жол шығындарын өтеу — жіберуші және қабылдаушы университеттер арасындағы қашықтыққа сәйкес, Еуропалық комиссияның Erasmus+ қашықтық калькуляторы негізінде есептеледі: (https://erasmus-plus.ec.europa.eu/resources-and-tools/distance-calculator)
    Erasmus+ Distance Calculator

ҚОСЫМША ҚОЛДАУ

Университет келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Chieti және Pescara қалаларындағы кампустарда тұрғын үй табуға көмек көрсету;
  • Ұтқырлық басталғанға дейін және бағдарлама барысында итальян тілі курстарын ұйымдастыру.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бағдарламаға төмендегі талаптардың барлығына сәйкес келетін үміткерлер ғана қатыса алады:

  1. 2026/2027 оқу жылында өз университетінде төмендегі білім беру бағдарламаларының бірінде білім алуы тиіс:
    • бакалавриат бағдарламасы (тек бітіруші курс студенттері);
    • магистратура;
    • докторантура (PhD).
  2. Университеттен берілген ресми студент мәртебесін растайтын анықтаманы/сертификатты ұсынуы қажет.

Өтінім беру мәселелері бойынша хабарласуға болады:
Күнту Әсем – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы
 +7 707 850 14 94