12.05.2026
ПРОФЕССОР-ЗЕРТТЕУШІ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу
мақсатында профессор-зерттеушінің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Профессор-зерттеуші лауазымына
үміткерлер профессор-зерттеуші лауазымы туралы Ережеде белгіленген талаптарға
сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім
төмендегілерді қамтиды:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- түйіндеме / CV;
- ғылыми дәреже алғанын, ғылыми
атақ берілгенін растайтын құжаттар;
- үміткердің ғылыми зерттеу
жоспары (Research Proposal) (педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша
ғылыми-зерттеу қызметіне басымдық беріледі);
- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылыми
еңбектер тізімі;
- ҚР ҒжЖБМ ғылыми жобаларына
жетекшілік етуі және қатысуы, халықаралық ғылыми жобаларға жетекші және
орындаушы болғанын растайтын құжаттар (ҰМҒТСО жүйесінен скриншот, халықаралық
ұйыммен келісімшарт);
- үміткерлерге жоғарыда көрсетілген
талаптарды растайтын құжаттары бар портфолио (жарияланымдардың көшірмесі, Scopus
және WоS базаларындағы жарияланымдардың дәйексөзділік сілтемесі, еңбек
кітапшасының көшірмесі);
- алдыңғы жұмыс орындарынан ұсыныс хат немесе
мінездеме;
- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым
және білім саласындағы жетістіктері («Болашақ» стипендиясының иегері, «Үздік
ғылыми қызметкер» атағының иегері, ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы»
атағының иегері, ғылыми жетекшілік тәжірибесі, өнертабыстығы үшін алынған
патенттер мен сертификаттары және т.б.).
Профессор-зерттеуші лауазымына
тағайындау конкурстық комиссияның оң қорытындысы тіркелген отырыс хаттамасының
негізінде Университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған
құжаттар 2026 жылғы ___ __________ дейін (қоса алғанда) Абай атындағы ҚазҰПУ Инновацияларды
дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаментіне келесі мекенжай бойынша
қабылданады: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, №214 кабинет.
Жауапты тұлға: Жобалық кеңсе
басшысының м.а. Алимкул А.М.