Профессор Владимир Косов Янки Купалы атындағы ГрМУ-де дәріс оқып, халықаралық тәжірибе алмасты

24 наурыз бен 2 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Владимир Косов «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде (Беларусь Республикасы) болып қайтты.

Сапар барысында атқарылған негізгі жұмыстар:

Дәрістер циклі: Профессор «Физика», «Компьютерлік физика», «Робототехникалық жүйелер» және «Ақпараттық-өлшеуіш аспаптар мен жүйелер» мамандықтарының 1-2 курс студенттеріне арналған «Молекуладан технологияға дейін» атты авторлық дәрістер мен практикалық сабақтар сериясын өткізді.

Ғылыми алмасу: Сапар аясында Владимир Николаевич Янки Купалы атындағы ГрМУ физика-техникалық факультетінің ғылыми және оқу зертханаларының жұмысымен танысып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Стратегиялық серіктестік: Сапар соңында Янки Купалы атындағы ГрМУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Леонтий Павловпен және факультет басшылығымен ресми кездесу өтті. Кездесуде екі университет арасындағы оқу, ғылыми және жобалық қызмет саласындағы алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ақпаратты көрсетілген сілтемеден оқи аласыз. https://www.grsu.by/universitet-v-mire/priglashennye-professora/item/59496-v-grgu-imeni-yanki-kupaly-proshla-vstrecha-studentov-fizikov-s-priglashennym-professorom-iz-kazakhstana.html

Мұндай халықаралық бағдарламалар Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының әлемдік ғылыми кеңістіктегі беделін арттырып, бауырлас жоғары оқу орындарымен байланысты нығайтуға септігін тигізеді.

Артқа қайту