16.04.2026
«Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен XVII Республикалық пәндік олимпиада
2026 жылғы 16–18 сәуір аралығында Тараз қаласында «М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ базасында жоғары оқу орындары студенттері арасында «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Аталған білім сайысына «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздің 13 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өздерінің кәсіби білімі мен әдістемелік даярлығын көрсетті.Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, құрметті 3-орынды иеленді.
Бұл жетістік студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білуінің, сондай-ақ оқытушы-профессорлық құрамның сапалы дайындығы мен бағыт-бағдарының нәтижесі болып табылады.
Олимпиадада жүлделі орын алған студенттер:
Құдайберген Аман – 4 курс, 1 топ
Кайдаров Алан Ержанұлы – 4 курс, 1 топ
Бектұрсын Ернар Берікұлы – 4 курс, 1 топ
Жетекшісі: аға оқытушы, полковник Нурмухамбетов Е.С.
Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілері құттықталып, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруына сәттілік тілейміз.