ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ЗЕРТТЕУДЕН БІЛІМ БЕРУГЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРАКТИКАҒА

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ЗЕРТТЕУДЕН БІЛІМ БЕРУГЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРАКТИКАҒА

2026 жылғы 16 сәуірде Астана қаласының Халықаралық университетінің жоғары білім және гуманитарлық ғылымдар факультетінде АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде зерттеу нәтижелерін апробациялауға және енгізуге бағытталған ғылыми семинар өтті. Семинар аясында жоба жетекшісі Лаура Какимова мен зерттеу тобының мүшелері Айсұлу Қалдаяқова, Ақмарал Сманова, Ұлбосын Аймбетова жоба бойынша жұмыс барысында қалыптасқан негізгі ережелер, әдіснамалық тәсілдер мен негізгі қорытындылар ұсынды.

Семинар профессорлық-оқытушылық құрамды, зерттеушілер мен білім алушыларды біріктіріп, кәсіби ғылыми пікірталас пен алынған нәтижелерді сараптамалық бағалауды қамтамасыз етті. Жоба нәтижелерін білім беру процесіне және музыкалық білім беру практикасына ықпалдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жоба нәтижелерін байқаудан өткізу аясында авторлық ұжым әзірлеген оқу-әдістемелік құрал (ноталық жинақ) кейіннен оны білім беру және орындаушылық практикада пайдалану мақсатында табыс етілді.

2026 жылғы 17 сәуірде Халықаралық хореография академиясында көрнекті қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған лекция-концерт өткізілді. Айсұлу Қалдаяқова тыңдаушылар алдында жоба нәтижелерін насихаттау және практикалық іске асыру форматында сөз сөйледі. Іс-шара ғылым мен өнер синтезінің әлеуетін көрсете отырып, музыкалық материалды ғылыми-талдамалық пайымдау мен көркемдік тұрғыдан жүзеге асыруды біріктірді. Іс-шара аясында сондай-ақ жоба барысында әзірленген басылымдарды қатысушылар мен кәсіби қоғамдастық өкілдері арасында тарату жүзеге асырылды..

Өткізілген іс-шаралар жоба нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын, олардың білім беру ортасына қажеттілігін растады, сондай-ақ академиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Артқа қайту