10.07.2025
Абай университетінде білім алушыларды жатақханаға орналастыруға арналған «Ахуалдық орталық» іске қосылды
Құрметті білім
алушылар!
Ахуалдық орталықта
университет қызметкерлері студенттер мен олардың ата-аналарына жатақханаға
орналасу бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Сонымен қатар өтініштер мен
сұрақтарды жедел қарау үшін жедел желі жұмыс істейді.
2025 жылдың 7 шілдесі
мен 5 қыркүйегі аралығында «Ахуалдық орталық» толыққанды жұмыс істейді.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28, 2-қабат,
38-кабинет.
Байланыс нөмірі: 8 (727) 291-16-81.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден
18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-14:00.