11.07.2025
ҚазҰПУ-дың 100 жылдығына арналған «Логотип-100» шығармашылық байқауы жарияланды
Абай атындағы Қазақ
ұлттық университеті 2025 жылғы 14 шілде мен 20 тамыз аралығында өзінің 100
жылдық мерейтойына арналған «Логотип-100» шығармашылық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты - университеттің 100 жылдық тарихын, білім мен ғылымдағы
рөлін, заманауи келбетін бейнелейтін мерекелік логотип әзіреу.
Абай университеті
шығармашыл тұлғаларды белсенділік танытуға, өз идеяларын ұсынуға шақырады!
Байқауға барлық сала мамандары мен кез-келген жастағы азаматтар қатысып, бағын
сынап көре алады. Қатысу - тегін.
Қатысу шарттары:
• Әр қатысушы бірнеше
жұмыс ұсынуға құқылы;
• Логотип бұрын еш
жерде жарияланбаған, толық авторлық жұмыс болуы шарт;
• Ұсынылған жұмыстар
қайтарылмайды, университет тарапынан еркін қолданылуы мүмкін.
Хат мазмұнында
болуы тиіс:
1. Логотиптің атауы
мен қысқаша сипаттамасы (идеясы, мағынасы);
2. Қатысушы туралы
толық ақпарат:
• Аты-жөні,
• Жасы,
• Мамандық (болса),
• Тұрғылықты жері,
• Байланыс
деректері (телефон, e-mail).
3. Файл форматтары
(кемінде 3 түрі):
PDF,
SVG, AI, CDR, EPS, PNG, JPEG.
Марапаттар:
• Бас жүлде иегеріне
- 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады;
• Үздік жұмыстар
университеттің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланып, мерейтой
аясындағы көрмеде ұсынылады.
Байланыс: +7 775 175 46 68, Нұржан
Сәрсебаев.
Қатысушылар өз
жұмыстарын келесі электронды поштаға жолдайды: nurzhansarsebaev@gmail.com
ҚазҰПУ-дың 100 жылдық
шежіресінде сен де шығармашылығыңмен көрініп, идеяң арқылы тарихқа із қалдыр.
Логотипің арқылы ғасырлық мерейтойға өз үлесіңді қос!
Байқау нәтижесі 2025
жылғы қыркүйек айының бірінші онкүндігінде жарияланады.