30.04.2026
КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ ШЕШЕНДІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ – 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығы ұйымдастыратын 2026 жылғы корей тіліндегі шешендік өнер байқауының өткізілетінін хабарлайды.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 22 сәуір – 4 мамыр
Байқаудың мақсаты:
- Корей тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту
- Корей тілін үйренуге қызығушылықты арттыру
- Корея Республикасының мәдениеті туралы білімді тереңдету
Байқауға корей тілін
меңгеріп жүрген студенттер шақырылады.
Қатысушылар өздерінің
тілдік деңгейін, шешендік қабілеттерін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын
көрсету мүмкіндігіне ие болады.