АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ №32 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ №32 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылындағы №32 жалпы білім беретін орта мектебі арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған маңызды кездесуге Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Мұқатайқызы Нарбекова, Мансап орталығының басшысы Рақымберді Қажығалиұлы Жетібай және №32 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Айман Кашигерқызы Катранова қатысты.

Айта кету керек, №32 мектеп директоры Айман Кашигерқызы Катранова — Абай университетінің түлегі. Ол 1986–1991 жылдары университеттің филология факультетінде білім алған. Бүгінде білім беру саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті басшы ретінде өңірдегі сапалы білім беру ісіне елеулі үлес қосып келеді.

Меморандумның негізгі мақсаты:

– кәсіби педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту;
– студенттер мен түлектерді белсенді педагогикалық қызметке және тәжірибеге даярлау;
– академиялық, ғылыми және педагогикалық қауымдастық арасындағы байланысты күшейту;
– оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары аясында тәжірибе және ақпарат алмасу;
– заманауи талаптарға сай білікті педагог кадрларды даярлау;
– ғылыми зерттеулер, жаңа жобалар, жарияланымдар және өзара қызығушылық тудыратын материалдар бойынша бірлескен жұмысты дамыту.

Бұл меморандум — болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға, теория мен тәжірибе сабақтастығын нығайтуға және білім беру ұйымдары арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

Абай университеті білім беру саласындағы серіктестік аясын кеңейте отырып, болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру жолындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыра береді.

Артқа қайту