АР23488786 ЖОБА АЯСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗУ

АР23488786 ЖОБА АЯСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗУ

    2026 жылғы 19 ақпан айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесуде  АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» жобасы аясында «Музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігі – сапалы білім берудің кепілі»  мастер-класс өткізілді. Аталған іс-шарада «6В/7М01402-Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламалары ЖОО студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Алматы қаласының 17 ауданынан келген қонақтар, музыка мұғалімдері алдында «Өнерлі ұстаз-2025» қалалық музыка мұғалімдері арасындағы байқаудың жеңімпаздары қатысты. Олар мәдени және көркемдік құндылықтарға эстетикалық қатынасты қалыптастыру, музыкалық өнердің мәдени жадын жас ұрпаққа беруде ұлттық кодты сақтау үшін мектепте музыканы оқытуда педагогикалық технологиялар мен инновацияларды пайдаланудағы шығармашылық идеяларымен және педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның ресми бөлігін өнер факультетінің деканы PhD философия докторы Кәрім Байқұтов ашты. Сондай-ақ, «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі PhD философия докторы Айсұлу Қалдаяқова және Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлсім Чайзаданова баяндама жасады.

 Бірлескен мастер-класс бағдарламасында ғылыми жоба жетекшісі Лаура Какимова «Бәсекеге қабілетті педагог-музыканттарды даярлауда магистратура үшін қос дипломды білім беру бағдарламаларының маңызы»  тақырыбында баяндама жасай отырып, тыңдаушыларды жоба нәтижелерімен таныстырды. Ол «Өнерлі ұстаз» байқауын өткізу туралы жобаның идеясы мектеп-университет сабақтастығында көрініс тауып, жас музыкант-педагогтар арасында арт білім беру жүйесіндегі озық тәжірибені беруге арналған білім беру алаңын қамтығаны қуантады деп атап өтті.

Шеберлік сыныбының қатысушылары,  желтоқсан айындағы байқаудың жеңімпаздары, Дана Чыкабаева, Сандуғаш Әбілдә, Нұргүл Әлқожаева, мәдени жады мен ұлттық құндылықтарды музыкалық өнер арқылы жеткізуде өз жетістіктерін көрсете алды.

Барлық қатысушылар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Шеберлік сыныбының басым бағыты әдіснамалық базаны нығайту, педагогтардың зерттеу құзыреттерін дамыту және білім беру процесін технологиялық жаңарту болып табылады, музыкалық білім беру саласындағы жобаның орнықтылығы мен инновациялылығын қамтамасыз етудін көрсетеді.

Артқа қайту