08.04.2026
ЖОБА АЯСЫНДА «ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ-ДА ҒЫЛЫМИ ІССАПАР
АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасын іске асыру аясында 2026 жылғы 6-7 сәуірде академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында жоба жетекшісі Лаура Какимова мен жоба мүшесі Светлана Балагазовалардың Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетке жұмыс іссапары жүзеге асырылды.
Сапар бағдарламасында зерттеудің мәдени-құндылықтық компонентіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыт қазіргі білім беру кеңістігінде ұлттық мәдени мұраны ұғыну және жаңғырту мәселелерімен тығыз байланысты. Осы тұрғыда Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына, сондай-ақ Семей қаласындағы ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың мұражай-үйіне бару маңызды орын алды. Қатысушылар ұлы ойшылдың рухани мұрасын тереңірек танып, оның ұлттық мәдени кодты қалыптастырудағы рөлін зерделеуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, Шәкәрім университетінің музейі де араланды. Оның экспозициялары оқу орнының қалыптасу тарихын, ғылыми жетістіктерін және өңірдің білім мен ғылымының дамуына қосқан үлесін көрсетеді.
Экскурсовод Гүлнұр Тортенова – тарихшы, «Шәкәрімтану» ғылыми орталығындағы Шәкәрім мұражайының ғылыми қызметкері келушілерді қазақ ақыны, философы және ағартушысы Шәкәрімнің шығармашылығымен таныстырды.
Мұражайда «Шәкәрімтану» ғылыми орталығы музейінің басшысы – Шанбай Тұрдықұлмен кездесу өтті.
Басқарма мүшесі –Семей қаласының «Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ (Shakarim University) ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор – Жанар Молдабаева кездесу барысында академиялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, Жариялау белсенділігі, ғылыми гранттық бағдарламаларға қатысу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сапар барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіліп, музыкалық білім беру саласындағы трансдисциплинарлық зерттеулердің негізгі бағыттары, сондай-ақ жоба бойынша жарияланған еңбектерді білім беру үдерісіне енгізу перспективалары талқыланды.
Университеттің ПОҚ-мен кездесу барысында «Өнер» кафедрасының меңгерушісі Рахат Берікболға, университетке және кафедраға жоба аясында жарияланған «Саз киесі» оқу-әдістемелік құралы сыйға тартылды.
Жоба аясында ПОҚ, «6В/7М01402-Музыкалық білім» ББ магистранттар мен студенттер алдында ғылыми семинар өткізілді. Семинар:
· ғылыми диалогты тереңдету, тәжірибе алмасу және зерттеудің аралық нәтижелерін сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.
· негізгі ғылыми тәсілдерді талқылау және академиялық ынтымақтастықты нығайту алаңын қамтамасыз етті.
· алынған нәтижелерді білім беру практикасына біріктіруге және одан әрі зерттеудің перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді.
· жобаға қатысушылар мен ғылыми қоғамдастық арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға айтарлықтай әсер етті.
· ғылыми белсенділікті арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етті.
Ғылыми семинар аясында жобаның аралық нәтижелері ұсынылды, әзірленген әдістемелік материалдар, соның ішінде заманауи интерпретациядағы ұсынатын музыкалық мұра мысалдары бар QR-контентпен сүйемелденетін оқу құралы таныстырылды. Бұл ашық пікір алмасу, нәтижелерді талқылау және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын табу үшін маңызды платформа болды.
Іссапар қорытындысы бойынша алдағы ынтымақтастық, бірлескен жарияланымдар және ғылыми-білім беру бастамаларын жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Бұл сапар жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етті.