26.09.2025
ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің
ұйымдастыруымен Қазан федералды университетінің Психология және білім беру
институтының ғылыми істер жөніндегі директор орынбасары, педагогика
ғылымдарының кандидаты Шамиль Фатович Шеймардановпен кездесу өтті.
Кездесуге факультеттің ғалымдары, профессор-оқытушылар
құрамы, докторанттар және магистранттар қатысты.
Кездесу барысында тараптар педагогика және психология
саласындағы ғылыми-зерттеу бағыттарын, бірлескен жобаларды жүзеге асыру
мүмкіндіктерін, сондай-ақ академиялық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады.
Әсіресе, оқыту тәжірибесін жетілдіру, ғылыми мақалаларды бірлесіп жариялау және
академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Бұл кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қазан федералды университетінің өзара әріптестігін нығайтуға, ғылыми қауымдастықтар арасындағы байланыстарды тереңдетуге және болашақтағы бірлескен бастамаларға негіз қалауға мүмкіндік берді.