Балаева Аида Ғалымқызы

Балаева Аида Ғалымқызы

Карьера

Балаева 2000 жылы Абай атындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына және 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде заңгер мамандығына білім алған.[3] Аида Балаева өз мансабын 1999 жылдан 2002 жылға дейінгі Алматы облыстық ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы ретіндегі жұмысынан бастаған. Бұдан кейін ол 2004 жылға дейін Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Осы кезден бастап ол Алматы қаласындағы түрлі әкімшілік лауазымдарда жұмыс істеген. 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2004–2005 жылдары аралығында Аида Балаева Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының орынбасары және одан кейін 2006 жылға дейін ол Алматы қаласы ішкі саясат департамент директорының орынбасары, 2006–2008 жылдары Алматы қаласы ішкі саясат департамент директоры болған. 2008 жылдан 2010 жылға дейін ол Астана қаласы ішкі саясат департаменті директоры, кейін ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010–2014 жылдары аралығында Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің орынбасары болды. 2014 жылы Аида Балаева Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, бұл қызметте ол 2019 жылға дейін болды. 2019 жылғы 22 шілдеде ол Қазақстан президенті Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды, сонымен бірге Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып, қос қызметті 2020 жылғы 4 мамырға дейін атқарды. 2020 жылғы 4 мамырдан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған. 2022 жылғы 11 қаңтарда ол Қазақстан президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.[4] Орынбасарлығын 2023 жылғы қыркүйекте аяқтады. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында президент Тоқаев бірнеше министрліктің өзгертілетінін айтып кетті, соның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қосылып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне құрылды.[5] 2 қыркүйек күні қайта құрылған министрлікті басқаруға Аида Балаева тағайындалды.[6] 2024 жылғы 6 ақпанда ол өз лауазымына қайта тағайындалды.[7] 2025 жылғы 1 желтоқсанда Премьер-Министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.[8] 2026 жылы ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болды.