Лотарингия университетінің филиалы

                                                                                                                                    Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Лотарингия университетінің филиалы

Абай университетінің негізінде ашылған Францияның Лотарингия университеті филиалы - соңғы жылдардағы ең ірі және маңызды білім беру жобаларының бірі.

2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның басталғанын ресми түрде мәлімдеді. Ал 10 желтоқсан күні Алматы қаласында филиалдың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Лотарингия университетінің ресми делегациясы қатысты.

Филиал «Халықаралық құқық» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Бағдарлама түлектері Қазақстанда да, Франция мен бүкіл Еуропада да танылатын диплом алады. Алдағы уақытта басқа да білім беру бағыттары қосылады деп жоспарланған. Оқу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал француз тілі 1-курстан бастап тереңдетіліп оқытылады.

Филиал жұмысына Қазақстан тарапынан заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Сабитова және Франция тарапынан Лотарингия университетінің құқық, экономика және мемлекеттік басқару факультетінің деканы, профессор, заң ғылымдарының докторы Пьер Тифен жетекшілік етеді.

Филиал Алматы қаласының тарихи және мәдени орталығы - Қазыбек би көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан. Бұл XIX ғасырда француз сәулетшісі Поль Гурдэ салған сәулет ескерткіші болып табылады.

Филиал тек білім алу орны емес - бұл белсенді студенттік өмірдің орталығы. Мұнда халықаралық конференциялар, француз профессорларының дәрістері, дипломатиялық кездесулер, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен тағылымдамалар өткізіледі. Түлектер Францияда білімдерін жалғастыруға немесе Danone, Total, Lactalis сынды халықаралық компанияларда және Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органдарында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Филиалдың негізгі артықшылықтары:
• Еуропалық үлгідегі диплом және халықаралық танымалдық
• Француз тілін нөлден бастап үйрену
• Франциядан шақырылған профессорлардың дәрістері мен семинарлары
• Академиялық ұтқырлық және тағылымдамалар
• Қызметтік тәжірибеден өту мүмкіндіктері
• Жатақхана және әскери кафедрада оқу мүмкіндігі
• Алматы қаласының дәл ортасындағы тарихи ғимарат

Абай университетіндегі Лотарингия университетінің филиалы - Алматыда отырып-ақ әлемдік деңгейдегі беделді білім алуға жол ашатын бірегей мүмкіндік.

  • Email: a.sabitova@sorbonne.kz
  • Instagram: @sorbonne_kazakhstan

 

Білім беру бағдарламалары

Филиал сегіз өзекті және сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұсынады:


6B04211 – Халықаралық құқық

- Қос дипломды білім беру бағдарламасы

- Профильдік пәндер: Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері

- Өту балы: 75

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B03123 – Халықаралық қатынастар және адам құқықтары

- Ғаламдық үдерістер мен құқықтарды қорғауға басымдық беретін заманауи қос дипломды білім беру бағдарламасы

- Профильдік пәндер: Дүниежүзі тарихы, Шет тілі

- Өту балы: 70

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B01722 – Француз тілі мұғалімдерін даярлау

- Француз филологиясы және педагогикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған бағдарлама

- Профильдік пәндер: Дүниежүзі тарихы, Шет тілі

- Өту балы: 80

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B11108 – Қонақ үй және мейрамхана индустриясындағы бизнес

- Қызмет көрсету және туризм саласында мансап құруды қалайтындар үшін тамаша таңдау

- Профильдік пәндер: География, Шет тілі

- Өту балы: 65

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B04116 – Экономика

- Халықаралық ойлау қабілеті бар экономистер мен аналитиктерді даярлау

- Профильдік пәндер: Математика, География

- Өту балы: 65

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B04118 – Қаржы

- Қаржы жүйелері мен капиталды басқару саласындағы заманауи білім

- Профильдік пәндер: Математика, География

- Өту балы: 65

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B04117 – Менеджмент

- Басқарушылық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламасы

- Профильдік пәндер: Математика, География

- Өту балы: 65

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


6B04119 – Маркетинг

- Брендинг, коммуникация және нарықты талдау саласындағы мамандарды даярлау

- Профильдік пәндер: Математика, География

- Өту балы: 65

- Оқу ақысы: жылына 950 000 теңге


Болашақта бірқатар білім беру бағдарламаларын қос дипломды жүйеге көшіру жоспарлануда. Француз тілін B2 деңгейінде меңгерген студенттер қос диплом алуға үміткер бола алады.

Филиалға түсу үшін француз тілін білу міндетті емес.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпаратты Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясынан алуға болады:


- Мекенжай: Қазыбек би көшесі, 28, 1-кабинет

- WhatsApp: +7 701 779 8870, +7 701 760 0625, +7 707 308 4949