Әлем тілдері факультеті
Факультет деканы
Филология ғылымдарының кандидаты
e.ospanov@abaiuniversity.edu.kz
Әлем тілдері факультеті деканының оқу ісі мен ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Әлем тілдері факультеті деканының халықаралық-ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының магистрі
Әлем тілдері факультеті – заманауи тілдік білім беруді, мәдениетаралық коммуникацияны және педагогикалық құзыреттілікті ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын құрылымдық бөлім.
Факультет шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен аударматану, шетел тілдерін меңгерген жоғары білікті педагог-мамандарды даярлауға бағытталған. Білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырылып, білім алушылардың кәсіби, тілдік және мәдени құзыреттерін дамытуға басымдық беріледі.
Әлем тілдері факультеті - жаңадан құрылған факультет болғанымен, өзінідік тарихы бар. 1928 жылы осы факультеттегі «Шетел тілдері кафедрасы құрылып, алғашқы мамандарды дайындауға кіріскен болатын.
Әлем тілдері факультетінің миссиясы көптілді білім беру саласында кәсіби құзыретті, заманауи педагогикалық технологияларды меңгерген, шет тілдерін оқыту әдістемесін терең игерген білікті мұғалімдер мен тіл мамандарын даярлау. Сонымен қатар, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануға үлес қосу.
Негізі мақсаты:
1. Шет тілдерін оқыту әдістемесін жетік меңгерген жоғары кәсіби педагог-мамандарды даярлау;
2. Тілдік білім беру саласына инновациялық оқыту технологияларын енгізу және жетілдіру;
3. Көптілділік пен мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға бағытталған ғылыми-педагогикалық орта қалыптастыру;
4. Халықаралық серіктестікті күшейту арқылы білім беру бағдарламаларын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру.
Міндеттері
· Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіру;
· Білім алушылардың коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыру;
· Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және халықаралық жобаларға қатысу;
· Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану;
· Академиялық ұтқырлық пен халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейту
Факультет құрылымы
Факультет құрылымына 4 кафедра кіреді:
· Шетел тілдері кафедрасы;
· Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы;
· Практикалық ағылшын тілі кафедрасы;
· Қытай тілі және қытайтану кафедрасы.
Сапалы кадрларды дайындау білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
| Бакалавриат | ||||||
| 1 | В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 6B01719 | Ағылшын тілі (IP) | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
| 6B01724 | Шетел тілдері (IP) | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы | |||
| 6B01723 | Қытай тілі мұғалімі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы | |||
| 6B01707 | Ұйғыр тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы | |||
| 2 | В036 | Аударма ісі | 6B02312 | Батыс филологиясы (ағылшын тілі) | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
| 6B02302 | Аударма ісі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы | |||