Foundation факультеті

Хайрулдаева Айсұлу Матқасымқызы
Хайрулдаева Айсұлу Матқасымқызы

Foundation факультетінің деканы,


Әлеуметтік ғылымдар магистрі 

Абай к., 56 Б, 104 кабинет
Омирбекова Жанагуль Муратовна
Омирбекова Жанагуль Муратовна

Foundation факультетінің кафедра меңгерушісі


PhD, аға оқытушы

Абай к., 56 Б, 120 кабинет
Жақыпбекова Балнұр Серікқызы
Жақыпбекова Балнұр Серікқызы

Foundation факультетінің жетекші маманы

Абай к., 56 Б, 104 кабинет

Foundation факультеті  – жаңадан құрылған факультет болғанымен, өзіндік тарихы бар. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультеті алғаш рет 1980 жылдары ашылған.

Біздің мақсатымыз – мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін, әсіресе болашақ педагогикалық мамандықтарды таңдаған тыңдаушыларға тиімді жағдай жасау.


Факультет тыңдаушылары үшін (мемлекеттік грант және ақылы негізде):

– Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды жоғары оқу орнына түсуге тереңдетіп дайындау, оның ішінде:

– ҰБТ пәндері бойынша дайындықты ұйымдастыру (Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және таңдау пәндері: химия, биология, математика, физика, информатика);

– Шетел тілі, тереңдетілген көптілді дайындық жүргізу болашақта академиялық ұтқырлыққа үлкен мүмкіндік береді.


Шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері үшін:

– ҰБТ пәндері бойынша дайындықты ұйымдастыру (Оқу сауаттылығы және таңдау пәндері: биология, география, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, шетел тілі, математика, физика, информатика, құқық негіздері, шығармашылық);

– Шетел тілі, тереңдетілген көптілді дайындық жүргізу болашақта академиялық ұтқырлыққа үлкен мүмкіндік береді.