Жусупова Жанна Азатқызы

Жусупова Жанна Азатқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Аға оқытушы

zh.zhussupova@abaiuniversity.edu.kz


2005- 2007 жылдары - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы


2007-2010 жылдары  - Арнаулы және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы


2010-2012 жылдары - Арнаулы педагогика және дефектология кафедрасының аға оқытушысы


2012- 2013 жылдары - «Академиялық ұтқырлық және көптілде білім беру» бөлімінің басшысы


2013-2015 жылдары - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі


2015-2017 жылдары - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі


2017-2023 жылдары - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің деканы


2024-2025 жылдары  - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры


2025-2026 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық педагогикалық университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «Педагогикалық ғылымдар»  білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің Ғалым хатшысы, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры міндетін атқарушы


Ғылыми тәжірибелер мен біліктілік арттыру курстарын өткен:


2016 жылдан бастап Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сертификатталған сарапшысы болып табылады.


2017 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері


 


Ж.А.Жусупованың педагогика мен білім беру саласына арналған 70-тен аса ғылыми еңбектері (2 оқулық «Педагогикалық шеберлік», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» (С.Е.Қаңтарбаймен авторлық бірлестікте), 2 оқу-әдістемелік оқу құралы, 1 монография, 1 электронды оқу құралы, 4 әдістемелік құралдары: «Педагогика» оқу құралы орыс тілінде Lambert Academic Publishing Неміс ұлттық кітапханасы қолдауымен электронды оқу құралдары жарық көрген. Мақалалары  отандық және шет елдің басылымдарда шыққан. Оның ішінде 8 еңбегі халықаралық базалар журналдарында (Scopus,Web of Science) жарық көрген.Индекс Хиршасы –2


«Педагогикалық шеберлік» атты оқулығы республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасында (РМЭБ) ТОП 100 көбірек таңдалған ресурстардың қатарында 1-орында тұр.

Артқа қайту