Жұмағұл Ғазиза Оңғарқызы

Жұмағұл Ғазиза Оңғарқызы

Магистр

Оқытушы

g.zhumagul@abaiuniversity.edu.kz


1998–2000 жж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математика факультеті, «Математика» мамандығы бойынша бакалавриаттың 1–2 курстары.


2000–2002 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, «Математика–информатика» мамандығы бойынша бакалавр дипломы.


2002–2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша магистратура.


2018–2021 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, физика, математика және информатика факультеті, 6D060102 – «Математика» мамандығы бойынша докторантура.


Кәсіби қызметі:


2000–2002 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, «Математика–информатика» мамандығы бойынша бакалавриат (Алматы қ.).


2002–2003 жж. – №2 лицейдің математика және информатика пәндерінің мұғалімі (Алматы қ.).


2002–2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша магистратура.


2003–2004 жж. – Каспий қоғамдық университеті, «Жоғары математика» кафедрасының оқытушысы (Алматы қ.).


2006–2010 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Қолданбалы математика» кафедрасының оқытушысы (Алматы қ.).


2011–2019 жж. – «Зерде» оқу орталығының математика пәні оқытушысы (Нұр-Сұлтан қ.).


2018–2021 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6D060102 – «Математика» мамандығы бойынша докторанты.


2019 жылдан бастап – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика және математикалық модельдеу кафедрасында оқытушы, аға оқытушы.


Біліктілікті арттыру:


1. «Математикалық физика теңдеулері» курсы, 72 сағат, 2025 жылғы 11–26 ақпан. «Педагогтер мен психологтер академиясы» ЖШС, Астана қ. Сертификат сериясы №3215. Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығының институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі: 1А №0309.


2. «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» курсы, 80 сағат, 2024 жылғы 9–21 қыркүйек. Білім мазмұнын дамыту институты.


3. «Білім беру саласының менеджерлерін даярлау» курсы, 80 сағат, 2024 жылғы 19–28 ақпан. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Сертификат берілген күні: 2024 жылғы 5 наурыз.


4. «Математиканы оқытудың заманауи әдістері» курсы, 72 сағат. EmpowerIT community, сертификат №217, 2024 жылғы 15 сәуір.


Оқытатын пәндері:


Математикалық физиканың шеттік есептері, функционалдық талдау, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, математикалық талдау, сызықтық алгебра.


Ғ. О. Жұмағұлдың 5 ғылыми мақаласы отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. Оның ішінде 1 еңбегі Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналда жарияланған. Хирш индексі – 1.

Артқа қайту