Жигитбекова Бақыт Дастанқызы

Жигитбекова Бақыт Дастанқызы

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент, университеттің қауымдастырылған профессоры (доцент)


Зерттеу тақырыбы:  1.«Цифрлық дәуір ұрпағы студенті тұлғасының психологиялық ерекшеліктері: құндылықтары, мотивациясы және бейімделу стратегиялары».


2. «Заманауи студенттің психологиялық сипаттамалары: эмоционалдық интеллект, стресске төзімділік және кәсіби өзін-өзі анықтау».


 


ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ


Жигитбекова Бақыт Дастанқызы 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы  бойынша білім  алды. 1995 жылы  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Жалпы және теориялық психология»  кафедрасына оқытушылық қызметке  қабылданды.  1997 жылы  осы университеттің  аспирантурасына түсті. 2000 жылы Абай  атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Педагогикалық  психология» мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтаған. 2003 жылы  19.00.07 – Педагогикалық психология мамандығы бойынша психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000-2007 жылдары  «Дарын» әлеуметтік гуманиатарлық университетінің «Педагогика және психология»  кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2007 жылы Абай атындағы  ҚазҰПУ- нің  «Жалпы психология » кафедрасына  доцент  қызметіне қабылданды. Қазіргі күнге дейін осы университеттің «Жалпы және қолданбалы психология» және  «Педагогика және психология»  кафедраларында қауымдастырылған профессор м.а. қызметін атқарады. Жалпы осы ЖОО-ғы педагогикалық тәжірибесі 35 жыл.


Қазіргі кезде Б.Д.Жигитбекованың  85-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның  3 -  (скопус), 7 - оқу құралы.


 


МАРАПАТТАРЫ


  1. Абай ат. ҚазҰПУ-нің «Үздік педагог» төс белгісінің  иегері. 2017ж., удост №342
  2. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  90- жылдық мерекелік медалі 2018 ж. (Куәлік )
  3. .Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін білім және ғылым министрінің алғыс хаты (2021)
  4. .Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін білім және ғылым министрінің алғыс хаты (2023)


Артқа қайту