Үсенова Нұржамал Есіркепқызы
Аға оқытушы
PhD доктор
nu.ussenova@abaiuniversity.edu.kz
Усенова Нұржамал Есіркепқызы 1994 жылдың 31
мамырында Түркістан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. А.Әлімбетов
атындағы жалпы орта мектептің «Алтын белгі» иегері. Ұлты – қазақ. Білімі –
жоғары.
2011-2015 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің филология факультетін «5В020500 – Филология» мамандығы
бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.
2018-2020 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің филология факультетін «6М021400 – Әдебиеттану» мамандығы
бойынша тәмамдап, гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алған.
2020-2023 жылдары «8D02304 – Әдебиеттану»
білім беру бағдарламасы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультетінде докторантура бағдарламасында білім алған.
2023 жылы Түркия мемлекеті Анкара қаласындағы
Гази университетінен ғылыми тағылымдамадан өткен.
Жалпы жұмыс өтілі – 9 жыл.
2015-2023 жылдары «Effective Media Liaison Massaget.kz жастар танымдық порталында» контент-менеджер
қызметін атқарған.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті «Тұран-Иран»
ғылыми-зерттеу орталығында бас маман
қызметін атқарған.
2026 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы.