Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы

Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы

Профессор

Педагогика ғылымдарының докторы

botagul53@mail.ru


1998 жылы  Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңесте  «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін оқыту үрдісінде дамыту» тақырыбында кандидаттық, 2006 жылы «Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту» мәселесі бойынша  докторлық диссертация қорғаған.


 Б.А. Тұрғынбаева Жамбыл облысында  Мойынқұм ауданы, Бірлік селосында дүниеге келген (1953.02.01). М.Мәметова атындағы қазақ қыздар педагогикалық училищесін бітіріп, Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетінде жоғары білім алған.


Еңбек жолын Мойынқұм ауданы Хантау станциясындағы № 303 мектепте бастауыш сынып  мұғалімі болып бастап (1972 ж.), К. Маркс  атындағы орта мектебінде директордың оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметінде жалғастырған. (1976-1981 жылдары).


1981-1990 жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық аудандық оқу бөлімінде әдіскер, Алматы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1990 – 2008 жылдары Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын республикалық институтта әдіскер, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаған.


 2008 - 2014  жылдар арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және докторантура институтында кафедра меңгерушісі, ал қазіргі уақытта  педагогика және психология кафедрасында  профессор қызметін атқаруда. Педагогикалық өтілі - 54 жыл.


Профессордың жетекшілігімен  1 ғылым кандидаты, 11 философия докторы (Ph.D),  40 – қа жуық  педагогика магистрі дайындалған.


Б.А. Тұрғынбаева 270 –ке жуық ғылыми еңбектің авторы. 11 еңбегіне авторлық құқық куәлігі берілген. Профессордың ғылыми еңбектерінің бағыты: шығармашылық педагогикасы, дидактика (белсенді оқыту технологиялары), андрагогика, ғылыми зерттеу әдіснамасы, болашақ мамандарды даярлау мәселелері.


Б.А.Тұрғынбаева оқытушылық және ғылыми жұмыстан басқа әр салалы қоғамдық істерге да белсене араласқан. Ол көптеген жылдар бойына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының педагогика ғылымдары дәрежесін беру жөніндегі ОД.14.65.02 Диссертациялық кеңесінің мүшесі, ал  2011 жылдан бері Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті жанынан БжҒМ БСБК шешімімен ашылған 6D010000-Білім (гуманитарлық ғылымдар) бағыты бойынша «философия докторы» ғылыми дәрежесі үшін диссертациялар қорғалатын Диссертациялық кеңесті басқарып келеді. 2017 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланған.


Марапттаулары: ҚР білім беру ісінің үздігі (1995 ж.); ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері  (2005 ж.); Ы.Алтынсарин (2016 ж.) «Еңбек ардагері» (2023 ж) төс белгілерімен марапатталған. 2011 жылы  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді,  2014 жылы өткен республикалық «Үздік әдіскер» конкурсының  2 – орын  жеңімпазы.

Артқа қайту