Токшылыкова Гульназ Базарбаевна
Аға оқытушы
PhD
g.tokshylykova@abaiuniversity.edu.ku
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ
Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған гимназияны, Алматыда университет, аспирантураны бітірген. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де магистратураны, одан соң Әдебиеттану мамандығы бойынша докторантураны бітірді. ҚазҰПУ-да оқытушылық қызмет атқарып келеді.
100-ден аса жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.
БІЛІМ
Оқу мекемесі | Біліктілігі | Бітіру күн
|
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті | оқытушы | 1996 |
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті | аспирант | 2000 |
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ | магистрант | 2014 |
Абай атындағы ҚазҰПУ | докторант | 2019 |
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
Ғылыми дәрежесінің атауы | Ғылыми облысы | Диплом берілген күні |
Шетел филологиясы ғылымдарының магистрі | Шетел филологиясы | 2014 |
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
Ғылыми атағы | Марапаттау күні
|
Аға оқытушы | 2004 |
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ
Бакалавриатта: Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы, Шетел әдебиетінің тарихы, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазіргі әдеби үдеріс - қазақ тілінде сабақ береді.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
Әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне, фольклортану, қазіргі әдеби процесс, антикалық әдебиет, шетел әдебиетінің тарихы, қазіргі қазақ повестерінің поэтикасына қатысты 100-ден аса ғылыми мақалалары жарияланған. Сонымен бірге 3 оқу құралы («ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы»-Алматы:ҚазХҚжӘТУ баспасы, 2007. - 150 с.; "Шетел әдебиетінің тарихы». -Қарағанды: МедетГруп, 2016.-320 б., «Антика әдебиетінің тарихы». - Алматы: Ақнұр, 2018. - 180 б.
Бір мақала импакт-факторы бар журналда жарияланған (Artistic function of detail in Kazakh prose. Journal Opcion , /Venezuela/, 2018. V.34. ISSN 1012-1587. Special Issue 15. P.1265-1294
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді). 100-ден аса ғылыми-теориялық мақалалары бар. «Әдебиеттану терминдер сөздігі» (қазақ-ағылшын-орыс тілінде). - Алматы: ҚазХҚжӘТУ баспасы, 2018. Библиографиялық көрсеткіш. -Алматы, 2013. ЖОО арналған оқу құралы - 3 (қазақ тілінде).