Тілеп Болат Анапияұлы
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор
Достық даңғылы, 13
8-727-291-63-39
b.tilep@abaiuniversity.edu.kz
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2000), «Саясаттанушы, саясаттану пәні оқытушысы» мамандығы.
Ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдар кандидаты
Еңбек өтілі:
2001-2005 жылдары - «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері;
2005-2006 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппараты Қазақстан халқы Кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, меңгерушісінің міндетін атқарушы;
2008 жылдан - Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары;
2008-2013 жылдары - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, бастығы;
2013-2014 жылдары - «Астана ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы;
2014-2015 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті бастығының орынбасары;
2015-2016 жылдары - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;
2017-2019 жылдары - Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі;
2019-2020 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2020-2022 жылдары - Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
2022 жылғы ақпан - 2023 жылғы қыркүйек - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап - «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры.