Сұлтан Ертай

Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор

Ғылым докторы (PhD)

Достық даңғылы, 13

yertaysultan@abaiuniversity.edu.kz

Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор

Ғылым докторы (PhD)


Әдебиеттану, журналистика және жоғары ғылым менеджменті салаларында зерттеулер жасап жүрген ғалым. PhD доктор (ҚР БҒМ БҒССБК 2018 жылғы №701 бұйрығы), ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар президиумының мүшесі.

 

Қызметі:

2024 жылдың мамыр айынан бастап «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры;

2023-2024 жж. «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;

Академиялық және кәсіби тәжірибесі:

2018-2021, 2023 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры м.а.;

2021-2022 – АҚШ, Джордж Вашингтон университетінде «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бағдарлама атауы: Жоғары білім менеджментіндегі көшбасшылық (Leadership in higher education management);

2021-2022 – Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Елшілігіндегі Абай орталығының жетекшісі;

2019-2021 – М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары;

2016-2019 – М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалым хатшысы;

2012-2016 – М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.

 

Білімі:

2011 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің бакалавриатын «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік тәмәмдады;

2013 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің магистратурасын «Филология: әдебиет» мамандығы бойынша аяқтады;

2014-2017 – аралығында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы «Білім және ғылым интеграциясы» бағдарламасының негізінде «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша білім алды;

2018 – қазіргі ағылшын, испан, италиян, жапон және қазақ романдарын салыстырмалы талдау негізінде «Қазіргі романның трансформациясы» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады.

 

Мақалалары мен зерттеулері:

Scopus және WOS мәліметтер базасында мақалалары жарияланған, ҚР ҒЖБССБК ұсынған ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрген. 5 ұжымдық монографияның серіктес авторы. Бірнеше авторлық куәлік берілген, ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субьекті ретінде аккредитациялық куәлігі бар.

Хирш индексі: 2 (2021 жыл).

 

Ғылыми тағылымдамалар:

АҚШ, Колумбия университетінің Жер институты (БҰҰ тұрақты даму бағдарламасы, 2012 жыл)

Гази университеті, Түркия (2013 жыл)

Кадис университеті (2012-2013 жыл), Испания.

Гранада университеті (2016 жыл), Испания.

 

Зерттеу бағыты:

Қазіргі романның жанрлық трансформациясы;

Гибридті роман хронотопын математикалық модельдеу;

Қазіргі публицистиканың жанрлық түрленуі;

Деректер журналистикасы;

Жоғары білім мен ғылым менеджменті;

Халықаралық журналистикадағы жаңа үрдістер мен бағыттар.

 

Марапаттар мен жетістіктері:

ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарға арналған стипендия иегері (2018);

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021).

 

Тілдерді меңгеру деңгейі:

Қазақ, орыс, ағылшын – еркін;

Испан, қытай – орташа;

Ғылыми өтілі: 13 жыл;

Педагогикалық өтілі: 6 жыл.