Сарсекеева Айгуль Сапаргалиевна
Ф.-м.ғ.к, доцент
a.sarsekeyeva@abaiuniversity.edu.kz
– 1996: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, «Математика және информатика» мамандығы (үздік диплом)
– 1996-1998 жылдары: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, «Математика» мамандығы бойынша магистратура (үздік диплом)
– 1998–2000 жылдары: аспирантура, мамандығы «01.01.02 – «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика».
– 2004 жылы: ҚР БҒМ Математика институтында кандидаттық диссертация қорғады.
– 2011 жылы: «Математика» мамандығы бойынша доцент (ассоциирленген профессор) ғылыми атағы берілді.
1999 жылдан бастап оқытушы, 2003 жылдан – аға оқытушы, 2010–2013 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математикалық талдау, алгебра және геометрия кафедрасында доцент болып қызмет атқарды.
2013–2026 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика кафедрасында доцент, профессор м.а. болып жұмыс істеді.
2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика және математикалық модельдеу кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді.
2003–2021 жылдары ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтында аға ғылыми қызметкер ретінде қосымша жұмыс істеп, көптеген қаржыландырылған іргелі жобаларға қатысты.
2004–2006 жылдары жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.
2007 жылдың 2 мамырынан 2008 жылдың 30 сәуіріне дейін Литвада Еуропалық Одақтың “Development and implementation of postdoc program in natural sciences” ғылыми жобасы аясында постдокторлық тағылымдамадан өтті.
Ғылыми зерттеу саласы – «Еркін шекаралы есептер». Шамамен 45 жарияланған мақалалар бар.