Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы
Доцент
Педагогика ғылымдарының докторы
r.rakhmetova@abaiuniversity.edu.kz
Қысқаша өмірбаяны
Рахметова Райгүл Сәдуақасқызы 1967 жылы Семей облысы Ұржар ауданы 1-Май ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1984 жылы Егінсу орта мектебін бітірген.
1984 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы бітірген. Біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Алматы қаласы №74 орта мектепте мұғалім, Алматы қаласы №1 педагогикалық коллежде, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында, ҚазмемҚызПИ-де оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарды. 2002 жылдан осы уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы.
2002 жылы «8-сыныпта сөз тіркесі синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2010 жылы «Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту (жоо филолог мамандары үшін)» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
БІЛІМІ
Білім мекемесі | Квалификация | Бітіру уақыты |
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты | Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі | 1988 ж. |
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты | Аспирант, қазақ тілін оқыту әдістемесі мамандығы (13.00.02) | 1994 ж. |
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
Ғылыми дәрежесінің атауы | Ғылыми облысы | Диплом берілген күні | ||
Педагогика ғылымдарының кандидаты | Қазақ тілін оқыту әдістемесі | 27 қыркүйек, 2002 г. Хаттама № 43. | ||
Педагогика ғылымдарының докторы | Тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту | 27 қазан, 2011 ж. Хаттама №6. | ||
Академиялық дәрежесінің атауы | Ғылым саласы | Диплом берілген уақыты |
| |
Педагогика ғылымдарының докторы | Гуманитарлық ғылымдар | 2019 г. |
| |
1. Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері: монография. - Алматы: Әрекет-Принт, 2012 (авт.бір).
2. Қазақ тілі синтаксисі: коммуникативтік-танымдық аспект: моногарфия. - Алматы: Ұлағат, ҚазҰПУ, 2014.
3. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интеллектуалдық тұлға қалыптастырудың сабақтастығы: монография. - Алматы: Нурай Принт Сервис, 2014 (авт.бір).
4. Communicative-cognitive paradigm in methods of teaching the Kazakh Language: монография. Almaty: Roza, 2017.
5. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: оқулық. Жоо-ға арналған. - Қарағанды: «Medet Group» ЖШС. - 2016 (авт.бір).
6. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі: оқу құралы. - Алматы, 2020.
7. Қазақ тілі. (Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған) "Атамұра" баспасы. Астана, 2017.
8. Қазақ тілі мен әдебиеті: Оқулық.- Алматы: Көкжиек-Горизонт. 2016/2017/2018/2019 (1-11 сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторларының бірі).
9. The audiovisual translation of social media texts: New trends and analysis.- XLinguae. - 2022. Vol. 15, Iss. 2. - P. 164-172.
10. Pedagogical foundations of teaching ethnocultural units in the education system. Cypriot Journal of Educational Sciences. - 2022. Vol. 17, Iss. 3. - P. 691-701