Рауандина Айтжамал Калкеновна
Қауымдастырылған профессор
Педагогика ғылымдарының кандидаты
a.rauandina@abaiuniversity.edu.kz
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қауымдастырылған профессоры.
Рауандина Айтжамал Қалкенқызы Қарағанды облысы, Ульянов ауданы (қазіргі Бұхар жырау ауданы), Төрткөл ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша аяқтаған. 1995-2009 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтында аға ғылыми қызметкер, 1997-2000 жылдары аталған иституттың 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша өндірістен қол үзіп аспирантура бөлімінде оқыған. 2009-2010 жылдары "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді дамуы институтында жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет етеді. 2010 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді.
БІЛІМІ
Оқу мекемесі | Біліктілігі | Бітіру күн
|
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аспирантурасын бітірген | аспирант | 1997-2000
|
Абай атындағы ҚазҰПУ | ғылым кандидаты | 2010 |
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
Ғылыми дәрежесінің атауы | Ғылыми облысы | Диплом берілген күні |
Педагогика ғылымдарының кандидаты | Гуманитарлық ғылымдар | 2010 |
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
Ғылыми атағы | Марапаттаукүні
|
аға оқытушы | 2010 |
қауымдастырыған профессор | 2018 |
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)
Бакалавр: Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері", "Қазақ тілін оқытудың коммуникативтік-танымдық негіздері", "Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту".
Магистратурада: "Жоғары мектепте тілді оқыту әдістемесі", "Кәсіби құзыреттілік негіздері", "Функционалдық сауаттылық" "Тіл және мәдениетаралық коммуникация".
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында қауымдастырылған профессор болып еңбек етеді. Ол жалпы жиыны 250-ге тарта ғылыми еңбектердің авторы (оның ішінде 2 монография, 30 оқулық, оқу-әдістемелік құралдары бар).
1. ҚР БҒМ ұсынған Жалпыға міндетті білім стандарты - 3:
"Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілінің жалпыға міндетті білім стандарты"; "Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептер үшін қазақ әдебиетінің жалпыға міндетті білім стандарты" (5-11-сыныптар. РОНД баспасы - Алматы, 2002);
"Балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орны" жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты. - Астана, 2014. ҚР БжҒМ"Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясы";
2. ҚР БҒМ ұсынған оқу бағдарламасы - 5: Орыс, ұйғыр тілді мектептердің 5-11-сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламалары (Білім, - Алматы, 2001, 2003, 2004); Оқу қазақ тілінде емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілінінің деңгейлік бағдарламалары (Алматы, 2010, 20013);
3. 3. Бакалавриатқа арналған "5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы білім беру бағдарламасының авторы (2020).
4. ҚР БҒМ ұсынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері:
- Қазақ тілі оқулықтары - 9;
- Деңгейлік қазақ тілі оқулықтары - 11;
- Қазақ әдебиеті оқулықтары - 2;
- Өзін-өзі тану оқулығы - 1;
- ЖОО-ның ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы - 3;
- Әдістемелік құрал - 6;
- Мұғалім кітабы - 14;
- Дидактикалық материалдар - 10;
- Лексикалық минимум - 6;
- Оқушы дәптері - 8.
Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.