Молдагали Мадина Бауыржанкызы
Доктор PhD, аға оқытушы
m.moldagali@abaiuniversity.edu.kz
Қысқаша
өмірбаяны
Молдағали
Мадина Бауыржанқызы – жас ғалым,
доктор PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті орыс тілі
мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 6 жылдан астам үздіксіз
ғылыми-педагогикалық өтілі бар.
2019
жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу
етістіктерінің семантикасы» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап, «Орыс
тілі мен әдебиеті орыс тілінде оқытылмайтын мектептерде» мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2025
жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «8D01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру
бағдарламасы бойынша «Поэтикалық колористика: құрылымдық-семантикалық
стратегиялар және зерттеу әдістемесі» атты докторлық диссертациясын қорғады.
Жас
ғалым шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтті, атап айтқанда
Vytautas Magnus University (Литва), Lithuanian State Scholarship for Short-term
Studies бағдарламасы аясында Mykolas Romeris University (Литва), Ұлттық зерттеу
университеті «Жоғары экономика мектебі» (РФ) және Waseda University (Жапония).
Сондай-ақ,
жас ғалым өзінің ғылыми бағыты бойынша Жазғы мектептерге қатысты: Смоленск
мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар мектебі «Квантитативті филология»,
Смоленск, РФ; Псков мемлекеттік университетінің «Жас оқытушылар мен
зерттеушілерге арналған жазғы институт» бағдарламасы, Псков, РФ.
БІЛІМІ
|
Оқу орны |
Квалификация
|
Бітірген жылы |
|
Абай атындағы
ҚазҰПУ |
Педагогика ғылымдарының магистрі |
2019 |
|
Абай атындағы
ҚазҰПУ |
доктор PhD |
2025 |
ОҚЫТЫЛАТЫН
ПӘНДЕР
Бакалавриатта: «Орыс
тілінің практикалық курсы», «Академиялық жазылым негіздері».
Магистратурада: «Академиялық
жазылым».
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
Молдағали
Мадина 2024–2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы аясында ҚР Ғылым
және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ЖТН AP22685804
«Поэзияны зерттеуге арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» атты
іргелі ғылыми зерттеудің жетекшісі болып табылады. Жобаның мақсаты – қазақ және
қазақстандық поэзияны жастар арасында зерттеуге және танымал етуге арналған
көпфункционалды портал әзірлеу.
Сонымен
қатар, ол Джордж Вашингтон университетінің Абай орталығымен бірлесіп жүзеге
асырылған «The Stories of Modern Kazakh Prose» халықаралық подкаст жобасының
тең авторы болып табылады (Подкаст сілтемесі).
М.
Молдағали 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК
ұсынған журналдарда 8 мақала жарияланған. Scopus деректер базасында
индекстелген және Cite Score көрсеткіштері 35 процентильден жоғары болатын
журналдарда 6 мақаласы жарық көрді. Индекс Хирша – 1.
Сондай-ақ,
ол «Қазақстанның интернет әдебиеті: негізгі көркемдік тенденциялар» атты
ұжымдық монографияның тең авторы және 8 авторлық куәлікке ие.
Scopus ID 58506745600