Ишпекбаев Жанатбек Ешенкожаевич

Ишпекбаев Жанатбек Ешенкожаевич

Ректор аппаратының басшысы

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор


Достық даңғылы, 13

zh.ishpekbaev@abaiuniversity.edu.kz

Ректор аппаратының басшысы

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор

Білімі:

1986-1991 жж. – Абай атындағы ҚазПИ, мамандығы «Қазақ тілі және әдебиеті».
1991-1994 жж. – Аспирантура Абай атындағы ҚазПИ.

2000-2002 жж. – Абай атындағы АлМУ, мамандығы «Құқықтану».

2002-2005 жж. Қазақ қатынас жолдары университеті, мамандығы «Жол басқармасының экономикасы».

 

Еңбек өтілі: 

2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Ректор аппаратының басшысы.

2021 жылғы тамыздан 2023 жылғы қазанға дейін – «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың кеңесшісі.

29.04.2008 жылдан 2021 жылға дейін - «Абай атындағы ҚазҰПУ» Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры.

20.10.1997-24.04.2008 – «Абай атындағы ҚазҰПУ» Ректордың көмекшісі.

05.06.1995 - 29.09.1997 – «Шабдар» баспасының бас директорының орынбасары.

03.01.1995-11.05.1995 – «Абай атындағы ҚазҰПУ» Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы.

08.10.1983-16.10.1985 – Кеңес Армиясы қатарындағы қызмет.

06.09.1982-01.07.1983 – Алматы облысы Панфилов ауданының № 148 СПТУ мекемесінің кең профильді маманы.

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

Саяси ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Ханьшань педагогикалық институтының  құрметті профессоры (ҚХР).

 

Ғылыми қызметі және ғылымдағы қызығушылықтары: 

 

Ж.Е. Ішпекбаев 6  монография, 4 оқу және оқу-әдістемелік құралы, 3 ғылыми басылым, 7 Scopus халықаралық деректер базасы тізіміндегі ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми еңбектердің, 1 Индекс Хирша, 130-дан аса ғылыми мақалалардың авторы.

 

Жетістіктер

Мемлекеттік наградалары

-  «Құрмет» ордені (2018 ж.);

-  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021 ж.);

- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.);

- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.);

- «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);

- Қазақстан Республикасы Президенттің Алғыс хаттары:

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаттары (2021, 2022 жж.);

- ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаттары (2006, 2008, 2011, 2016, 2018 жж.).

 

ҚР ҒжЖБ министрлігінің наградалары:

 - Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2023 ж.);

- «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі (2024 ж.);

- «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2025 ж.);

- «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2009 ж.);

- Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2016 ж.);

- «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс белгісі (2015 ж.);

- ҚР ҒжЖБМ Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі  (2013 ж.);

- Ресей марапаттау комитетінің «Білім саласына сіңірген еңбегі  үшін» медалі (2012 ж.);

- Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалі (2010 ж.).

 

Республикалық, қалалық және мерейтойлық наградалар

-    «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2025 ж.);

-   «Ұлы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі (2025 ж.);

-    «ҚР Ұлттық қауіпсіздік академиясына 50 жыл» мерейтойлық медалі (2024 ж.);

-    «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісі (2013 ж.);

-      Медеу ауданының 75 жылдық мерекелік төсбелгісі (2011 ж.);

-      А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құрметті профессоры» төсбелгісі.

 

 «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ марапаттары мен мерейтойлық төсбелгілері

 -   «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісі (2012 ж.);

-    «Құрметті қызметкер» төсбелгісі (2021ж.);

-    «Үздік тәрбие жетекшісі» төсбелгісі (2016 ж.);

-    «Абай атындағы ҚазҰПУ – 90 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.);

-     «Абай атындағы ҚазҰПУ – 95 жыл» мерекелік медалі (2023 ж.).

 

Қоғамдық қызмет:

2025 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін  – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Алматы қалалық филиалы  төрағасының орынбасары;

2026 жылдың 12 ақпанынан 15 наурызына дейін - Алматы қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен құрылған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшесі;  

2026 жылдың ақпанынан қазіргі күнге дейін  – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Хабаршы» ғылыми журналының («Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы) бас редакторы.

2022 жылдан қазіргі күнге дейін – «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалы «Жоғарғы білім - Қаз ҰПУ»  бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары;

2022 ж. маусым - Референдумды қоғамдық қолдау бойынша Республикалық Алматы қаласы Медеу ауданы штабының төрағасы.

2012-2020 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының «Абай» БПҰ Төрағасы.

2019-2022 жылдары - «№1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің мүшесі.

2016 ж. - Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында Медеу аудандық қоғамдық штабының мүшесі.

2015 ж. - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Медеу аудандық қоғамдық штабының мүшесі.

2011 ж. - «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалы ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық штабының төрағасы.

 

Сертификаттар:


2021 ж. – курс «The top manager university MINI-MBA program» Топ-менеджердің негізгі дағдылары (316 академиялық сағат саны);

2020 ж. – авторлық курсы бойынша практикум «КЦҰҚ ауысуына дайындық (көлденең-циклдік ұйымдық құрылымды әзірлеу) және адаптивті көшбасшылық қағидаттарын енгізу бойынша тренинг» (40 сағат);

2020 ж. – «ИСО енгізу агенттігі» консалтингтік компаниясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» біліктілігін бере отырып, «ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» бағдарламасы бойынша курстары;

2024 ж. – Еңбек даулары бойынша «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбындағы курс;

2024 ж. – «Орталық Азия елдеріндегі ислам білімі және ислам мәдениеті: тарихи және заманауи контексттер» тақырыбы бойынша оқу курсы ( 72 сағат);

2022 ж. – курс «Research, Compilation and Classification Methodology and Techniques in Folklore and Folk Literature». 

 

Артқа қайту