Исаева Назым Толеновна

Исаева Назым Толеновна

Магистр

Оқытушы

n.isayeva@abaiuniversity.edu.kz


ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

2003 жылы механика-математика факультетінің аталған мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қолданбалы математика және информатика даярлау» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2005 жылы сәтті аяқтады. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Экономикалық бәсекелестікті математикалық модельдеу».

2021–2023 жж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «6B01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша математика мұғалімі мамандығын бітірді.

Жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайды. 2003–2005 жылдары Алматы қаласындағы Қ. Сәтпаев атындағы колледжде жоғары математика және ақпараттық жүйе пәндерінен сабақ берді. 2005–2013 жылдары Тынышпаев атындағы Алматы технологиялық университетінде Ақпараттық жүйе кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2014–2015 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып, математика пәнінен сабақ берді.

2015–2017 жылдары Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде ақпараттық жүйе және жоғары математика кафедраларында аға оқытушы қызметін атқарды.

2019–2023 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып, математика және математикалық сауаттылық пәндерінен сабақ берді.

2024 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D05401 – Математика және статистика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқуда.

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Информатика бакалавры

30.06.2003 ж.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қолданбалы математика және информатика даярлау магистрі

30.06.2005 ж.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Математика мұғалімі бакалавры

30.06.2023 ж.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Докторант

30.06.2027 ж.

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген күні

Магистр

510251 Қолданбалы математика және информатика даярлау

24.06.2005 ж.

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Аналитикалық геометрия және сызықты алгебра, Математика, Дифференциалдық теңдеулер, Есептеу математика негіздері, Айырымдық схема.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Жарияланымдар саны: 14

1. Н.Т. Исаева. Көпөлшемді сингулярлы гиперболалық теңдеулер үшін Дарбу есебі туралы. // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. № 3(51), 2015. 105–110 б.

2. Н.Т. Исаева. Жоғары ретті көпөлшемді сингулярлы гиперболалық теңдеулер үшін Дарбу–Проттер есептерінің бірмәнді шешілімділік критерийлері. // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. № 3(51), 2015. 108–113 б.

3. Н.Т. Исаева. Көпөлшемді итерацияланған Эйлер–Дарбу–Пуассон теңдеуі үшін Дарбу есептері. // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. № 4(52), 2015. 108–114 б.

4. Ормантаева Р.Қ., Пономаренко О.П., Алтынникова О.Д., Исаева Н.Т. Деректер базасын қамтитын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету. // Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, №1145, 8 тамыз 2015 ж., ҚР ӘМ.

5. Ормантаева Р.Қ., Пономаренко О.П., Исаева Н.Т. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға арналған электрондық сауда-аукциондар өткізу жүйесі. // Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, №1045, 24 шілде 2015 ж., ҚР ӘМ.

6. Мектепте және жоғары оқу орнында математика, физика және информатиканы оқытуды жетілдіру мәселелері. // Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Алматы, 24–25 қазан 2016 ж. Сертификат.

7. Н.Т. Исаева. Жоғары оқу орындары студенттерінің сабаққа қатысуын есепке алудың электрондық журналы. // «Білім, ғылым және бизнестің интеграциясы – экономиканың инновациялық дамуының негізі» атты 45-ғылыми-әдістемелік конференция, Алматы, 15–16 қаңтар 2015 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015, 1-том, №10, 45–50 б.

8. Л.Ж. Жансеитова, Н.Т. Исаева. Жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру. // Абай атындағы ҚазҰПУ, математиканы оқыту әдістемесі практикумы, Алматы, 2–6 қараша, 40 сағ., 2020 ж., №002560.

9. П.Б. Бейсебай, М.Ш. Тилепиев, Е.А. Ақжігітов, Н.Т. Исаева, К.Д. Абдибекова. Тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулер және олардың жүйелерінің шешімдерін құру. // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Физика, математика және компьютерлік ғылымдар сериясы. №4, 2023, 104 б. ISSN 2959-068Х1. DOI: 10.48081/EKIW3862.

10. Ahmadullah Shakir, Abdul Nahid Rahmahni, Bulanova T.M., Kassymova K.A., Isaeva N.T. FBG сенсорларындағы температура мен деформация әсерлерін конустық оптикалық талшық сенсоры арқылы ажырату. // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Физика, математика және компьютерлік ғылымдар сериясы. №3, 2023, 110 б. ISSN 2959-068Х. DOI: 10.48081/USKE4479.

11. Gulnaz Zunimova, Gulzhan Soltan, Dmitry Likhacheuski, Aisulu Ismailova, Nazym Issayeva. Интерактивті оқу үдерісін басқару мониторингіне арналған кейс-әдісті енгізу моделін әзірлеу. // Scientific Journal of Astana IT University. ISSN (P): 2707-9031; ISSN (E): 2707-904X. Volume 16, November 2023, p. 5. DOI: 10.37943/16TOVY6654.

12. Gulnaz Zunimova, Gulzhan Soltan, Dmitry Likhacheuski, Nazym Issayeva. Қашықтан оқыту режимінде білім беруді оңтайландырудың ақпараттық-логикалық моделі. // Scientific Journal of Astana IT University. Volume 14, 2023-06-30, p. 57. DOI: 10.37943/14ASWX8861.

13. А.А. Исмаилова, А.А. Нурпейсова, Ж.Т. Бельдеубаева, Г.О. Исакова, Н.Т. Исаева. Офтальмологияда тор қабық құрылымдарын талдау үшін терең оқыту әдістерін қолдану. // Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Известиясы. Физика-математика сериясы. №1 (2024), 28.03.2024. ISSN 1991-346X. DOI: 10.32014/2024.2518-1726.248.

14. Алоев Р.Д., Овлаева М.Х., Илъяни А., Исаева Н.Т. Динамикалық шекаралық шарттары бар екіөлшемді сызықтық гиперболалық жүйе үшін айқын-айқын емес айырымдық схема. // Есептеу және қолданбалы математика мәселелері. 2026. №2(72). 122–135 б. ISSN 2181-8460. DOI: 10.71310/pcam.2_72.2026.08.

Артқа қайту