Алибаева Меруерт Сарсебековна
Қауымдастырылған профессор
Педагогика ғылымдарының кандидаты
m.alibaeva@abaiuniversity.edu.kz
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында мектеп бітіргеннен кейін Екібастұз қаласында педагогикалық училищені бітірді. Қ. А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығын алған. 1990-1994 жылдары «Жамбыл таңы» атты Жамбыл қалалық газетінде аудармашы; 1994-1997ж ОҚО Мукумий атындағы орта мектепте, 1998-2004ж С. Сейфуллин көпсалалы мектеп гимназиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқытушы; 2004-2005ж Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінің практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; 2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан құқық және көпсалалы технология колледжінің әдіскері, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; 2010 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жұмыс атқаруда.
2006-2010 жылдар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің стажер-ізденушісі; Педагогика ғылымдарының кандидаты (2010); аға оқытушы. 2019 жылдан бері қауымдастырылған профессор.
Ғылым мен оқытушылық қызметті қатар ала жүріп, үш оқу құралы, электрондық оқу құралы, монография, мақалалардың авторы.
Оқу мекемесі | Біліктілігі | Бітіру күн
|
Қ. А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті. филология факультеті, қазақ бөлімі | Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы ЖБ № 0464995
| 2004 |
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
Ғылыми дәрежесінің атауы | Ғылыми облысы | Диплом берілген күні |
Педагогика ғылымдарының кандидаты | Әдістеме ғылымы | 25.12.2010 |
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)
Бакалавриатта: Қазақ тілі, Кәсіби қазақ тілі
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді). Кәсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту әдістемесі/ монография, 2019.
Сөз өнері / Электрондық оқу құралы, 2019. Сөздікпен жұмыс/ оқу құралы, 2019. Сөз өнерін меңгертудің әдістемесі / оқу құралы, 2020.
70-тен аса жарияланған мақалалары бар.
2 мақалаимпакт -факторыбаржурналдардажарияланған: Скопус The methodology of the development of the worldview of schoolchildren through games, Opcion, Ano 35No.89(2019):640-659;
Скопус Development method of students reading abilities through the study of literary reading, Año 35, Regular No.90-2 (2019): 649-667 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385;
МАРАПАТТАРЫ
- "Білім беру саласының үздігі" медалі, куәлік NB2-410 (2019).
- Абай ат. ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына мерекелік медалі, куәлік N889 (2018).