Абилмажинова Баян Собетбековна

Абилмажинова Баян Собетбековна

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Аға оқытушы

b.abilmazhinova@abaunivercity.edu.kz

ҚЫСҚАША  ӨМІРБАЯН 

Абилмажинова Баян Собетбековна 1967 жылы 21 қаңтарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Ақсу селосында дүниеге келген. 1974 жылы Ш. Уалиханов атындағы Қопа қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1981 жылы 7-ші класты тәмамдап, сол жылы Алматы қаласындағы О.А. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне қабылданып білімін жалғастырған.

1984 жылы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі Абилмажинова Баян Собетбековна С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің «Қолданбалы математика» мамандығына оқуға түсіп, 1986 -1989 жылдары Ресей Федерациясы Ленинград Мемлекеттік университетінің «Прикладная математика-процессов управления» факультетінде оқуын жалғастырды. 1989 жылы Ленинград Мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика» мамандығын тәмамдады.

1989 - 2008 жылдары Алматы Технологиялық университетінде «Автоматика және есептеуіш техника» кафедрасында жас маман ретінде еңбек жолын бастап, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметінде еңбек етті.

1997 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 01.01.02 - дифференциялдық теңдеулер мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады және  физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

2008 – 2014 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қолданбалы информатика» кафедрасының доценті қызметінде еңбек етті.

2014 – 2017 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті қызметінде еңбек етті.

2018 – 2022 жылдары Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің «Көлікті автоматтандыру, Ақпараттық жүйелер және Электроэнергетика» кафедрасының доценті қызметінде еңбек етті.

2022 – 2026 жылдары Әль-Фараби ат. ҚазҰУ -нің «Математика» кафедрасында ассистент-профессор қызметінде еңбек етті.

2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай ат. ҚазҰПУ -нің «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасында аға оқытушы қызметінде еңбек етеді.


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз)

Ашық баспада 30-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланған.

1. «О разрешимости задачи Коши для модельной системы фильтрации трехфазной несжимаемой жидкости». Алматы: журнал «Вестник» КазНПУ им. Абая, №4(28).-2009-С.204-211

2. «Одна теорема об эквивалентности задач гидродинамического типа».- Алматы: журнал

«Вестник» КазГНУ им.Аль-Фараби, вып.7.-1997-С.3-8

3. On the convergence of solutions of linear boundary value problems in one –dimensional case,

«Вестник» ВКГТУ им.Д.Серикбаева, Усть-Каменогорск. -2013.-С148-152

4. Developing the research potential of a social teacher in the context of digital technologies, Cypriot Journal of Educational Sciences, 2022, 17(3), pp. 971-980. https://doi.org/10.18844/cjes.v17i3.7004

5. Periodic solution of a single system of differential equations in partial derivatives, International Journal of Advanced and Applied Sciences, 2018, 5(6), pp. 61-63


 


 

Артқа қайту