25.12.2025
Жыл ректоры – Болат Тілеп

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілептің басшылығымен 2025 жылы университеттің академиялық әлеуеті күшейіп, білім беру бағдарламалары жаңғыртылып, педагог кадр даярлау сапасы жаңа деңгейге көтерілді. ҚазҰПУ халықаралық әріптестікті кеңейтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ұлттық білім беру миссиясын ұштастырған жетекші оқу орны ретіндегі орнын нығайтты. Сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздегі ең көп студенттер таңдаған жоғары оқу орындарының бірі.
Дереккөз: qazaquni.kz