Ғылым апталығы аясында «Ашық кітапхана» көрмесі ұйымдастырылды

2025 жылдың 7-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ашық кітапхана» көрмесі ұйымдастырылды. Шара Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналып, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ оқырмандарды оның рухани мұрасымен тереңірек таныстыру мақсатын көздеді.


Ғылым апталығында университет оқу залдарында (Төле би 86, Қазбек би 30, Жамбыл 25) арнайы іс-шаралар өткізілді, оның мақсаты Абай шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету және оның шығармаларына қызығушылықты арттыру болды.


«Ашық кітапхан» күндері келушілерді не күтті?

Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған құнды кітаптар мен ғылыми зерттеулер ұсынылды;

Оқу фильмдерінің көрсетілімі: «Абай Құнанбаев» деректі фильмінің көрсетілімі

Абайтану бойынша лекциялар мен баяндамалар: философия, ақындық мұра және Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы қызықты баяндамалар;

Кітапхана қорындағы әдеби пікірталастар: ұлы ойшылдың толғауларына терең бойлай отырып, өлеңдері мен «Өлең сөздерін» талдау;

«Артық білім кітапта...» атты кітапхана кеші: іс-шара Абай даналығын тереңірек түсінуге және оның әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді;

Ашық диалогтар мен пікірталастар: Абай шығармашылығының қазіргі қоғамға, білім мен мәдениетке ықпалын талқылау.


Шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және ғылыми ізденістерді ынталандыру. Әрбір қатысушы ұлы ақынның толғауларының тереңдігін сезініп, оның мұрасынан нәр ала білді.


Бұл күндері кітапхана есігі барлығына ашық болды! Бұл Абайдың рухани дүниесін қозғап, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті оятуға мүмкіндік болды.


Абай шығармашылығына тереңірек үңіліп, оның өмірлік үлгісінен шабыт алу үшін бізге қосылыңыз!