Диссертациялық кеңесте ғылыми семинары өтеді

2026 жылдың 29 сәуірінде, сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D019 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау (6D010500 - Дефектология/8D01901 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау) бағыты бойынша философия докторы (РhD) доктор дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық Кеңесте «8D01901 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығы бойынша ізденуші  Нурсеитова Жанар Жорахановнаның «Бастауыш сынып оқушыларының дислексиясын түзетудің логопедиялық жұмысы»   тақырыбындағы диссертациялық жұмысы  талқыланады.


Ғылыми семинар  онлайн форматта өтеді. Қорғау тілі – қазақ.


Ғылыми кеңесші: Г.А. Абаева – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.


Шет елдік ғылыми кеңесші,  Данута Аль-Кхамиси, PhD (Варшава, Польша)