Абай университетінің студенттері «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздары атанды

2025 жылдың 3 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Абай университетінің филология факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.


Конференцияға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қазақ тілінің теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Сейталиеваның жетекшілігімен өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.


Конференция барысында келесі нәтижелер тіркелді:

Саяжан Мәуліт, 1 курс студенті – «Тіл және мәдени байланыс: теория және практика» секциясы бойынша «Қазақ тілін оқытуда мәдениетаралық коммуникацияны пайдалану» тақырыбындағы баяндамасымен жеңімпаз;


Мирамгүл Есенгелдинова, 1 курс студенті – «Қазіргі транслингвистиканың өзекті мәселелері» секциясы бойынша «Басқа тілдік аудитория студенттерін оқытуда транслингвистикалық әдістерді қолдану» тақырыбындағы баяндамасымен екінші орын;


Мерей Әбділда, 4 курс студенті – сол бөлімде «Қазақ тілі сабағында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндамасымен үшінші орын.


Абай университетінің студенттері халықаралық ғылыми қоғамдастықта заманауи тіл ғылымы, тілдерді оқыту әдістемесі және цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелерін кәсіби түрде талқылап, ғылыми әлеуетін көрсетті. Бұл жетістік – жоғары сапалы білім мен ғылыми жетекшіліктің нәтижесі.