ФРАНЦИЯДА БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен магистранттары!

 

Сіздерді Францияның Campus France бюросы мен Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің өкілдерімен өтетін «Францияда білім алуға арналған стипендиялық бағдарламалар және Қазақстандағы қос дипломды бағдарламалар» тақырыбындағы кездесуге қатысуға шақырамыз.

Campus France — француз жоғары білімін шетелде ілгерілетумен айналысатын ұлттық агенттік болып табылады және әлемнің 130-дан астам елінде ұсынылған. Францияда 3500-ден астам мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орны жұмыс істейді.


Кездесу барысында Сіздер төмендегі бағыттар бойынша толық ақпарат алып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға жауап ала аласыздар:

Францияда магистратура мен докторантураға түсу;

Қазақстандағы қолданыстағы қос дипломды бағдарламалар;

Қазақстандағы Франция Елшілігінің стипендиялық бағдарламаларына қатысу шарттары (Абай–Верн, MOPGA-Master Kazakhstan).


Спикерлер:

Назерке Мұхтарқызы — Қазақстандағы Франция Елшілігінің университеттік, мәдени және тілдік ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі;

Мерей Данаева — Алматы қаласындағы Campus France бюросының үйлестірушісі;

Клод Фуко — Франция Елшілігінің өкілі

 

Күні: 20 ақпан, сағат 12:00
Өтетін орны: «Сорбонна–Қазақстан» институты, 38-аудитория

 

Сіздерді іс-шарада күтеміз!

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Барлық сұрақтар бойынша келесі тұлғаға хабарласуыңызды сұраймыз:

Ахметбекова Аяулым Айдыновна — Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас маманы

Байланыс телефоны: +7 705 818 6105