18.02.2026
БОС ГРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі босаған бос гранттардың республикалық конкурсын өткізеді.
Босаған бос
гранттар тізімі білім беру бағдарламалары, оқу курсы және формасы бөлінісінде Ұлттық
тестілеу орталығы сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланды. Осыған байланысты, ұсынылып отырған нысанға
сәйкес бакалавриат және магистратура деңгейлерінің әр білім беру бағдарламасы
бойынша (ГОП) GPA балы ең жоғары 10 адамнан көп емес үміткер ұсынылу керек.
Гранттар тек ҰБТ немесе КТ сертификаттары бар
үміткерлерге ғана беріледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) ҚР
Ғылым және жоғары білім министрінің атына өтініш;
2) Оқу үдерісінің барлық мерзіміне сәйкес ресми
транскрипт;
3) Жеке төлқұжаттың көшірмесі.
Құжаттар 2026 жылдың 20 ақпанына дейін
онлайн арқылы факультет деканаттарында қабылданады. (Мемлекеттік бос
білім гранттарын тағайындау негізінде құжаттарды қабылдауға қосымша толықтыру енгізу).